Қазақстан БҰҰ ЭСКАТО аймақтық дөңгелек үстелінде ШОБ үшін цифрландыру тәжірибесімен бөлісті

2288
Фотосурет: @digitalministry_kz

Қазақстан өкілдері Санкт-Петербургте өткен шағын және орта бизнеске арналған цифрлық мемлекеттік қызметтер жөніндегі БҰҰ ЭСКАТО өңірлік дөңгелек үстеліне қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Бизнеске арналған цифрлық карта» баяндамасы аясында кәсіпкерлердің өмірін цифрлық шешімдер арқылы жеңілдету бойынша Қазақстанның жұмысы таныстырылды:

  1. 1200-ден астам қызмет цифрландырылды
  2. экономикалық белсенді халықтың 80%-ы eGov жүйесін пайдаланады
  3. eGov Business қосымшасы арқылы бірнеше минут ішінде бизнесті ашып, онлайн жүргізуге болады

Тәуекелдерді басқару жүйесі тексерулер санын екі есе азайтуға мүмкіндік берді. 2000-нан астам отандық өндірушілер цифрлық сертификат алып, өз айналымдарын орта есеппен 40%-ға арттырды.

Сонымен қатар Алматыда БҰҰ ЭСКАТО аясында Цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі Қазақстанның бастамасы ерекше атап өтілді. Бұл жоба өңірде тәжірибе мен технологиялар алмасу алаңы болып, орнықты дамуға үлес қосады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -