Мемлекет басшысы Sany Group Co. Ltd. корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Сян Вэньбоны қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Әңгімелесу барысында «жасыл» энергетика, машина жасау салаларында бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары және инновациялық технологиялар бойынша серіктестік орнату мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Sany Group корпорациясының Қазақстан нарығындағы қызметін жандандыруға ұмтылысын жоғары бағалады. Корпорация елімізде арнайы техникалардың озық өндірісін жолға қоюға ниетті.
Президент бүгін Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың іске қосылуын ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жолындағы маңызды қадам деп атады.
Сян Вэньбо қытайлық корпорацияның Қазақстандағы жұмыс жоспарын таныстырды. Атап айтқанда, Sany Group компаниясы қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр стансасын салып жатыр.