Қазақстанның келісім мен даму жөніндегі бастамасына БҰҰ қолдау білдірді

1441
Фотосурет: belta.by

БҰҰ Қазақстанның «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» бастамасының маңыздылығын растады, деп хабарлайды DKNews.kz.

БҰҰ-ның 80 жылдығы қарсаңында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың 20 жылдығына орай БҰҰ Бас Ассамблеясы «БҰҰ мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасындағы ынтымақтастық» қарарын қабылдап, онда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» бастамасына қолдау білдірілді.

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аясында 2024 жылғы 4 шілдеде Астанада өткен «ШЫҰ плюс» саммитінде ҚР Президенті ұсынған және Мемлекеттер басшылары кеңесі мақұлдаған бастама БҰҰ-ның орталық үйлестіруші рөлі жағдайында неғұрлым әділетті, демократиялық және көпполярлы әлемдік тәртіпті қалыптастыруға бағытталған жаһандық күш-жігерге маңызды үлес болып танылды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарды қабылдауы мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайтуға, барлық елдердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге және өзара сенім мен серіктестік қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған қазақстандық бастаманың халықаралық қауымдастық тарапынан кең қолдау тапқанының айқын дәлелі болды.

Аталған құжат Қазақстанның әлемдік қауымдастықта сұранысқа ие бастамаларды ұсынатын орта держава ретіндегі өскелең рөлін көрсетіп, ШЫҰ-ның жаһандық аренада ұстанымы барған сайын белсенді естілетін беделді өңірлік ұйым ретіндегі маңыздылығын көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -