Қазақстан мен UN-Habitat қалалар мен ауылдарды дамыту бойынша жаңа қадамдарды келісімдеді

968
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен БҰҰ-ның елді мекендер жөніндегі бағдарламасы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, ҚР-ның БҰҰ Найробидегі бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықовтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Адам қоныстары бағдарламасының (UN-Habitat) Атқарушы директоры Анаклаудия Маринейру Сентено Россбахпен кездесуі өтті.

Кездесуде Қазақстанның UN-Habitat-пен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері, соның ішінде қалалар мен елді мекендерді дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жоспарлары талқыланды.

Соңғы жылдары ҚР мен UN-Habitat арасындағы өзара іс-қимыл айтарлықтай жанданып, бұл серіктестік қалалық және ауылдық елді мекендердегі реттеу, жоспарлау, жобалау мен қоршаған ортаны қорғауды қоса алғанда, ұлттық қала құрылысы саясатының әртүрлі аспектілерін дамытуға ықпал еткені атап өтілді.

Тараптар 2025 жылдың шілдесінде Қызылорда қаласында климаттық өзгерістерді ескере отырып, қалаларды тұрақты дамытуға, сондай-ақ қалалар мен ауылдар арасындағы байланысқа және шағын қалалардың ел дамуына қосқан үлесіне арналған «Өңірлерден басталатын кешенді қалалық трансформация» тақырыбында өткен бірінші ұлттық қалалық форумның табысты өткеніне тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР мен UN-Habitat арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін өзара кездесулерді ұйымдастыру және өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

UN-Habitat (Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам қоныстары бағдарламасы) — тұрақты қалалық даму және елді мекендер мәселелеріне маманданған БҰҰ агенттігі. Ол 1976 жылы Ванкуверде өткен БҰҰ-ның Адам қоныстары жөніндегі бірінші конференциясынан (Habitat I) кейін, 1978 жылы құрылған. UN-Habitat үкіметтермен, жергілікті билікпен, азаматтық қоғаммен және бүкіл әлемдегі жеке сектормен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, урбанизация бойынша жаһандық күн тәртібінде негізгі рөл атқарады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -