Ерлан Карин Горно-Алтайскідегі конференцияда Қазақстанды таныстырды

1067
Фотосурет: Akorda

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ресей Федерациясы Алтай Республикасының Горно-Алтайск қаласында өтіп жатқан «Алтай – түркілердің ата қонысы, деп хабарлайды DKNews.kz.

Түркі өркениетінің қалыптасу тарихы» атты ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты. Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Мажарстан, Моңғолия, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан мемлекеттерінің лингвистері, археологтары, алтайтанушылары, түркологтары, тарихшылары жиналды.

Конференцияның ашылуында Мемлекеттік кеңесші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысушыларға арнаған құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Владимир Мединский және Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов құттықтау сөз сөйледі.

Ерлан Қарин түркі өркениетін зерттеуге арналған мұндай іс-шаралардың өткізілуі ғылым саласындағы байланыстарды кеңейтетін маңызды бағыт екенін атап өтті. Осы тұрғыдан алғанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Трансалтай диалогын» бастау жөніндегі ұсынысының мәні зор. Бұл өңірдегі ғылыми-гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуді көздейді. Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші биыл Қазақстанда әлемнің 11 елінен келген қонақтардың қатысуымен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық фестиваль ұйымдастырылғанын еске салды.

Сөз соңында Ерлан Қарин сындарлы әрі ашық ғылыми пікірталас алаңын ұсынған ұйымдастырушыларға алғыс айтып, қатысушыларға нәтижелі жұмыс пен толайым табыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -