Қазақстан мен Embraer авиация және көлік салаларында жобаларды дамытуда

1309
Фотосурет: Аkorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Embraer компаниясының президенті Франсиско Гомес Нетомен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бразилиялық Embraer авиа құрылыс компаниясы жетекшісімен кездесуде жүк тасымалдау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Президент еліміздің Еуразия кеңістігіндегі негізгі көлік-логистикалық хабқа айналуға ұмтылатынын жеткізді.

Әңгімелесу барысында Қазақстанда «Embraer» ұшақтарына техникалық қызмет көрсететін өңірлік сервистік орталық ашу перспективасы қарастырылды.

Франсиско Гомес Нето Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетіне жоғары баға беріп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -