ТМД сайлау саласындағы дезинформацияға қарсы күресіп, құқықтық білім беруді дамытуда

1232
Фотосурет: Gov

ТМД сайлау процесіне қатысушылардың сайлау мәдениетін дамытуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылғы 1 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің (ТМД СОБ КК) VI отырысы аясында «Сайлау процесіне қатысушылардың сайлау мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар құқықтық ағарту, жастарды тарту, сайлау саласындағы жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл және сайлауға қатысуды кеңінен насихаттау мәселелерін талқылады.

Қатысушылар электоралдық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ұлттық тәжірибелермен бөлісіп, саяси және құқықтық ағарту, сайлау саласындағы жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл және әсіресе жастар арасында сайлауды кеңінен насихаттау мәселелерін жан-жақты талқылады.

Талқылаулар барысында азаматтардың саяси-электоралдық мінез-құлқын және сайлау мәдениетін қалыптастырудың түрлі қырларын зерттеудегі жүйелі тәсіл қоғамдық үрдістерді түсінудің, демократиялық институттарды нығайтудың және азаматтардың оларға деген сенімін арттырудың негізгі іргетасы екені атап өтілді.

Дөңгелек үстелдің модераторы, ҚР ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов дамыған электоралдық мәдениет қоғам мен билік арасындағы сапалы диалогты ынталандырып, неғұрлым теңгерімді әрі стратегиялық шешімдер қабылдауға жағдай жасайтынын, сондай-ақ тұрақты даму мен әлеуметтік үйлесімге қолайлы орта қалыптастыратынын атап өтті.

Бағдарламаның жеке бөлімі ретінде ТМД СОБ КК жанындағы Электоралдық саладағы жастар саясаты жөніндегі Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті (онлайн-форматта). Дөңгелек үстелге қатысушылар жас сайлаушыларды сайлау процесіне тартудың тиімді тәсілдерімен бөлісіп, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру бойынша бірлескен жобаларды талқылады.

Іс-шара бейнеконференция форматында өтіп, қатысушылардың өзара танысуына, кәсіби байланыстарды одан әрі нығайтуға, алаң жұмысының мақсаттарын талқылауға, бастамаларды таныстыруға және оның алдағы уақыттағы қызметінің қадамдарын айқындауға бағытталды.

Іс-шараға қатысушылар жастарды сайлау туралы ақпараттандырудың, жас сайлаушыларды сайлау процесіне тартудың маңыздылығын атап өтіп, жастар арасында электоралдық-құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған жобалар мен бастамалар жөнінде пікір алмасты.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесі (ТМД СОБ КК) азаматтардың сайлау құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, сайлау және референдумдар өткізудің құқықтық негіздерін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамасы мен халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жетілдіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу үшін тұрақты кездесулер мен консультациялар өткізу мақсатында құрылды.

2022 жылғы 14 қазанда Астанада ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды.

Аталған келісім ТМД-ға мүше келесі мемлекеттер үшін күшіне енді: Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан.

Қазақстан Республикасы Келісімге 2024 жылдың 7 тамызында қосылды.

Құрылған сәттен бастап ТМД СОБ КК-нің 5 отырысы өткізілді.

2025 жылғы 27 маусымда Чолпон-Ата қаласында өткен ТМД СОБ КК
V отырысында 2025 жылғы қыркүйектен бастап ТМД СОБ КК-не 1 жыл төрағалық ету құқығы Қазақстан Республикасына берілетіні туралы шешім қабылданды.

Электоралдық саладағы жастар саясаты жөніндегі жұмыс тобы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесі (ТМД СОБ КК) жанынан 2024 жылы құрылды. Оның Ережесі мен құрамы Консультативтік кеңестің 2025 жылғы 18 маусымда өткен отырысында бекітілді. Жұмыс тобын құрудағы мақсат – сайлау саласындағы жастар саясатын іске асыру барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әріптестігін нығайту мен дамыту бойынша ТМД СОБ КК қызметіне жәрдемдесу.

Жұмыс тобы ТМД кеңістігінде жаңа буын сайлаушыларды қалыптастыруға және заманауи демократиялық тәжірибелерді ілгерілетуге ықпал ететін, мемлекетаралық әріптестіктің жоғары деңгейдегі алаңы болып табылады.

Өз қызметінде Электоралдық саладағы жастар саясаты жөніндегі жұмыс тобының қызметі жастардың электоралдық саясатын кешенді қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған негізгі міндеттерге басымдық береді:

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ете отырып, жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша Консультативтік кеңеске аналитикалық және ақпараттық қолдау көрсету;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде жастардың құқықтық мәдениетін арттыру;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде жастардың электоралдық белсенділігін арттыру;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде жастардың сайлау процесіне, сайлаулар мен референдумдарға қатысуға деген қызығушылығын қалыптастыру; жастарды сайлау құқығы, сайлау технологиялары және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электоралдық егемендігі туралы хабардар ету;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде Жұмыс тобының қызмет бағыттары бойынша ақпарат және тәжірибе алмасу.

Әрбір ТМД-ға қатысушы мемлекет Жұмыс тобына екі өкілге дейін делегат жібере алады, ал қатысушылардың жасы ұлттық заңнамаға сәйкес айқындалады.

Қазақстан Республикасынан Жұмыс тобының құрамына енгізілді:

Гүлзира Атабаева  – Павлодар қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты, «Қазақстанның орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Павлодар филиалының төрайымы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубының мүшесі;

Амирлан Нұрғазин – Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND Think-tank әлеуметтік зерттеулер бағдарламасының кіші ғылыми қызметкері, ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубының мүшесі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -