Қазақстан мен Германияның Сыртқы істер министрліктері ынтымақтастықты нығайту бағытын растады

1221
Фотосурет: bangkokbook.ru

Қазақстан мен Германия СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Неміс тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германия Федеративтік Республикасының Федералдық сыртқы істер министрі Йоханн Вадефулмен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты серіктестік мәселелері бойынша пікір алмасып, өзара құрмет, сенім мен сындарлы диалогқа негізделген қазақ-герман қатынастарын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ министрлер саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, тұрақты байланыстарды қолдауға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыруға мүдделілігін растады.

Сұхбат соңында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Астана мен Берлиннің екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесуге келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -