Атырауда Каспий маңының бес елінің университеттері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

1309
Фотосурет: Gov

Атырауда Каспий маңы университеттері бас қосты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университінде «Каспий экожүйесі: ғылым мен білім интеграциясы» тақырыбымен Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттері қауымдастығының XXVII Бас Ассамблеясының пленарлық мәжілісі өтті.

1996 жылы құрылған халықаралық ұйымға Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан елдерінің 64 университеті мен ғылыми-зерттеу орталығы кіреді. Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттері қауымдастығы қазіргі күні аймақтың ғылым, білім және мәдени байланыс саласындағы сенімді әріптесіне айналған.

Алдағы уақытта бұл байланыстар ұлғайып, студенттер мен оқытушылардың тәжірибе алмасуын көздейтін «Каспий маңы кампусы» жобасы қолға алынбақ. Сондай-ақ зерттеу жобалары бойынша стипендия тағайындап, қауымдастық құрамына кіретін елдердің салт-дәстүрін, тілін зерттеп, насихаттауға арналған «Каспий – мәдени диалогтар аймағы» жобасы ұсынылды.

Еуропа, Азия және Таяу Шығыс университеттері қауымдастықтарымен меморандумдарға қол қойылып, Erasmus+, Horizon Europe, Green Central Asia және басқа да халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу қарастырылды.

Келесі жылы Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының құрылғанына отыз жыл толмақ. Кезекті шара қауымдастық мүшелерінің шешімімен Иран Ислам Республикасының Гилян университетінде өтетін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -