Франциядағы қазақстандық жастар ел тәуелсіздігінің маңызды белестерін атап өтті

1034
Фотосурет: Gov

Париждегі қазақ жастары Республика күнін және Егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Республика күні мен Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына орай қазақстандық жастармен басқосу өтті. Салтанатты іс-шараға Францияда оқитын студенттер мен жұмыс істейтін жас қазақстандықтар қатысты.

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова өз сөзінде 35 жыл бұрын қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қазіргі қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалағанын атап өтті. Сондай-ақ ол қол жеткізілген жетістіктер, жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар, мемлекеттік институттарды жаңғырту мен Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру үдерістері туралы баяндады.

Жылы әрі ашық сұхбат форматында өткен кездесуде жастар өздерінің ел дамуына қосатын үлестері туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, маңызды тарихи кезеңдер мен оқиғаларды еске алды. Бағдарлама қазақтың ұлттық билері мен әндері орындалған мерекелік концертпен қорытындыланды. Қонақтар, сонымен қатар атаулы датаға арналған тақырыптық көрмені тамашалап, естелік сыйлықтарға ие болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -