Қазақстан Қытайдағы ШЫҰ алаңында инвесторларға арналған жаңа мүмкіндіктерін ұсынды

1287
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Хатшылығы мен Шетелдегі кәсіпорындарды дамыту жөніндегі Қытай қауымдастығы (CODA) ұйымдастырған Қытай – ШЫҰ инвестициялық ынтымақтастық форумына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев, CODA Президенті Хэ Чжэньвэй, Циндао қаласының өкілдері, ірі қытайлық компаниялар мен дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты. Форумға 300-ден астам қатысушылар жиналды.

Ш.Нұрышев «Елшілер диалогы» пленарлық сессиясында сөз сөйлеп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинның Қазақстанға сапарлары барысында қол жеткізілген саяси және экономикалық уағдаластықтардың маңыздылығын атап өтті.

Елші қатысушыларды еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалмен, жүзеге асырылып жатқан реформалармен және шетелдік компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктермен таныстырды. Ол сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың серпінді дамуын және бірлескен индустриялық жобалардың табысты іске асырылып жатқанын ерекше атап өтті.

Ш.Нұрышев 10 жыл бұрын іске қосылған индустриализация мен инвестициялар ынтымақтастығы тетігі екі ел арасындағы кооперацияны нығайтудың маңызды құралы әрі практикалық әріптестіктің үлгісі болғанын айтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -