Қ.Сәтбаев атындағы химия олимпиадасы биыл алғаш рет халықаралық деңгейде өтуде, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қ.Сәтбаев атындағы химия пәнінен олимпиада биыл алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр, - деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Халықаралық химия олимпиадасы Ұлытау облысында 27 қазан мен 1 қараша аралығында өтуде. Оған биылғы жылы 100-ден астам Қазақстан, Қыряғызстан және Ресей мемлекеттерінің білім алушылары қатысуда.
Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасы 9–11 (12) сынып оқушыларының арасында теориялық және практикалық екі кезеңде өтеді.
«Олимпиада – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Олимпиадаға қатысушылар мен қызығушылық танытушылардың қатары жылдан жылға артып келеді. Биылғы жылы олимпиадаға халықаралық статус берілді» Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Әлия Чокушева
Байқауды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ұлытау облысының білім басқармасы және The Ulytau Educational Foundation қоры бірлесіп ұйымдастыруда.
Оның қорытындысында үздік оқушылар халықаралық деңгейдегі дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.