Қазақстан мен Корея өкілдері каскадты гидроэнергетикалық жобаны талқылады

1551
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Оңтүстік Корея каскадты гидроэнергетикалық жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов пен "KAZENERGY" қауымдастығының Бас директоры Жандос Нұрмағанбетов Корея Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапарды Азия Даму Банкі (АДБ) гидроэнергетикалық активтерді басқарудағы құзыреттілікті арттыру және гидроэнергетиканы дамыту саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін зерделеу мақсатында ұйымдастырды.

Делегация Теджон қаласында Кореяның су ресурстары корпорациясы (K-water) дайындаған техникалық бағдарламаға қатысты.
Бағдарламаға су-ресурстық саясат мәселелері, гидроэнергетиканың заманауи технологиялары, сондай-ақ орта ГЭС жобаларын іске асыру және қаржыландыру тәсілдері кірді.

Сапар аясында K-water интеграцияланған су ресурстарын басқару орталығына және Теджон көп мақсатты бөгетіне (Daecheong Dam) таныстыру сапарлары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Korea Midland Power Co., Ltd. (KOMIPO), Korea South-East Power Co., Ltd. (KOEN), Korea Hydro & Nuclear Power Co., Ltd. (KHNP) және Korea Overseas Infrastructure & Urban Development Corporation (KIND) компанияларымен кездесулер өтті. Тараптар Қазақстанның оңтүстік-шығысында каскадты гидроэнергетикалық жобаны бірлесіп іске асыру перспективаларын талқылады.

Бұл сапар Қазақстанның таза, сенімді және тұрақты энергетикалық жүйе құру жөніндегі жұмыстарына қосымша серпін беріп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік жасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -