Қазақстан СВМДА аясында жастар арасындағы волонтерлік пен инновацияны дамыту бастамаларын қолдайды

836
Фотосурет: Gov

Қазақстандық делегация АӨСШК-ға қатысушы елдер Жастар кеңесінің VIII отырысына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің «АӨСШК аймағының жарқын болашағына арналған жастар бастамалары» тақырыбында VIII Жастар отырысы өтіп жатыр.

Отырысқа АӨСК-ға мүше 25-тен астам елдің өкілдері қатысты. Олардың қатарында жас көшбасшылар, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және азаматтық қоғамның мүшелері бар. Қазақстандық делегация құрамына еліміздің жастар және волонтерлік ұйымдардың өкілдері енді.

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде АӨШК Бас хатшысы, Елші Қайрат Сарыбай сөз сөйледі.

Фото участников

Бағдарлама аясында жастарды Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) орындауға тарту және волонтерлік пен инновацияларды қолдауға бағытталған іс-шаралар өтеді. Онда ТДМ бойынша жастар жобалары таныстырылып, экология, теңдік және экономикалық өсім салаларындағы тәжірибе алмасу ұйымдастырылады. Сондай-ақ волонтерлік қозғалыс көшбасшыларының бастамаларды дамытуға бағытталған кездесуі өтеді.

Халықаралық жиын барысында климат, технология және тұрақты даму бағыттары бойынша инновациялық шешімдер әзірлеуге арналған жас мамандар арасындағы топтық байқау да жоспарланған.

Қазақстан АӨШК-ға қатысушы мемлекеттің бірі және ұйым аясында жастар ынтымақтастығын нығайтуға қолдау білдіреді.

Фото участников

Жастар кеңесінің отырысына қатысу өңірлік байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға ықпал етеді.

Іс-шара 15 қарашада аяқталады. Отырыс қорытындысы бойынша жастар саясаты мен тұрақты даму саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Жастар кеңесінің ұсынымдары қабылданады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -