Гонконгтің 6 миллиардтық дистрибьюторы Қазақстан өнімдеріне қызығушылық танытты

1397
Фотосурет: Gov

Гонконгта қазақстандық экспортты ілгерілету мәселесі талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасының Гонконг АӘА-дағы Бас консулдығы өңірдегі ең ірі және беделді дистрибьюторлық компаниялардың бірі «Uni-China Group»-пен ресми кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты екіжақты сауда байланыстарын нығайту және Қазақстанның азық-түлік экспортын Гонконг нарығына ілгерілету мәселелерін талқылау болды.

Кездесу барысында Бас консул Бауыржан Досманбетов Қазақстанның сауда мүмкіндіктеріне арналған презентация ұсынып, экспорт мүмкіндігі жоғары салаларды атап көрсетті. Ауыл шаруашылығы секторына, азық-түлік өнімдеріне, фармацевтикаға, химиялық заттарға және жеңіл өнеркәсіпке ерекше назар аударылды. Қазақстан өнімдерінің жоғары сапасы және қажетті көлемде жеткізу сенімділігі аталып өтті.

«Uni-China Group» компаниясының жоғарғы басшылығы Джеймс Линг (Төрағаның орынбасары), Эйприл Хуан (Бас директор) және Иван Тин (Аға менеджер) Қазақстан өнімдерін импорттау мүмкіндігін жоғары бағалады.

Қызығушылық тудырған өнімдердің сапасымен танысу және Гонконгқа жеткізу мүмкіндіктерін талқылау мақсатында тараптар үлгілерді сынақтан өткізуге келісті. Бас консулдық Қазақстанның бұл ынтымақтастықты әр кезеңде ілгерілетуге дайын екенін білдірді және Азия-Тынық мұхиты аймағының Қазақстан саудасын дамытудағы стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

«Uni-China Group» компаниясының орташа жылдық айналымы 6 миллиард АҚШ долларды құрайды. Компания 1000-нан астам сауда нүктелерін басқарады және әлемнің 30 елімен серіктестік орната отырып, нарықтың әртүрлі секторларын қамтиды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -