2026 жылы электромобильдер бажсыз әкелінеді: ЕАЭО-ның тек үш елі үшін

1210
Фотосурет: Sputnik / Кристина Кормилицына

Межүкіметтік кеңес 2026 жылы Армения, Беларусь және Қырғызстанға электромобильдерді бажсыз әкелуге тарифтік жеңілдік берді

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үкімет басшылары Еуразиялық межүкіметтік кеңестің отырысында 2026 жылы бірқатар мемлекетке электромобильдерді кедендік баж салығынсыз әкелуге мүмкіндік беретін тарифтік жеңілдік беру туралы келісті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл шешім Беларуське 20 мың дана көлемінде әкелінетін «таза электр көліктеріне» (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 8703 80 000 3), сондай-ақ Армения мен Қырғызстанға әрқайсысына 15 мың данадан әкелінетін «таза электр көліктері» мен «тізбекті гибридтерге» (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 8703 80 000 5) қатысты.

ЕЭК-тің сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің айтуынша, бұл кедендік-тарифтік реттеу шарасы алдыңғы жылдары өз тиімділігін көрсеткен. Оның сөзінше, аталған шешім алдағы уақытта да электромобильдер нарығының қалыптасуына, зарядтау инфрақұрылымының дамуына және Еуразиялық экономикалық одақ аумағында экологиялық таза көліктер үлесінің артуына ықпал етеді.

Кедендік баж салығынан босату тек Армения, Беларусь және Қырғызстанда тұрақты тұратын азаматтарға ғана қолданылады. Сонымен қатар электромобильдерге иелік ету, пайдалану және оларды басқару құқықтарын Қазақстан немесе Ресей азаматтарына және осы елдерде тұрақты тұратын адамдарға беруге тыйым салынады. Ал «тізбекті гибридтер» бойынша мұндай шектеу Беларусь азаматтары мен онда тұрақты тұратын тұлғаларға да қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -