Босния және Герцеговина Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалады

1166
Фотосурет: Gov

Қазақстан Елшісі Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Батырашев Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желько Комшичке сенім грамоталарын тапсырды.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланып, энергетика, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай мүмкіндіктері аталып өтті.

Елші Президиумның төрағасына Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы ауқымды реформаларды жүзеге асыру және кешенді әлеуметтік-саяси өзгерістер жөнінде ақпарат берді.

Қазақстанның бейбіт және ашық сыртқы саясат ұстанып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттердің егемендігі, теңдігі және аумақтық тұтастығы қағидаттарын берік қолдайтыны аталып өтті. Дипломат Қазақстанның мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға және Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған саясатын да жеткізді.

Босния және Герцеговинаның басшысы реформалар бағытын жоғары бағалап, Қазақстанның айтарлықтай жетістіктеріне назар аударып, сондай-ақ елдің екі континенттің тоғысындағы ірі транзиттік-тасымалдау әлеуеті бар жетекші еуразиялық экономикалық держава ретіндегі рөлін атап өтті.

Ж.Комшич Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бүкіл Қазақстан халқына алдағы ҚР Тәуелсіздік күніне орай амандық пен өркендеу тілектерімен жылы құттықтауларын жолдады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -