Бразилияның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанмен болашақтағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

561
Арман Қоржымбаев Бас редактор
Фотосурет: Gov

Бразилияның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов БФР Сыртқы істер министрінің орынбасары Сюзан Клибанкпен кездесті. Кездесуге сондай-ақ Бразилияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марсело Биату қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында тараптар 2025 жылғы 8 желтоқсанда Астанада өткен 7-ші Қазақстан-Бразилия саяси консультацияларының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады. Бұл келісімдер екіжақты саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық және салалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ өңірлік және көпжақты құрылымдар аясындағы бастамаларды үйлестіруге бағытталған.

Кездесуде алдағы халықаралық іс-шараларға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, 2026 жылғы сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит пен 2026 жылғы наурызда Кампу-Гранде қаласында ұйымдастырылатын көшпелі жабайы жануарлардың түрлері туралы Конвенцияға арналған Халықаралық конференцияға екі ел өкілдерінің қатысуының ұйымдастырушылық және мазмұндық аспектілері қарастырылды.

Тараптар бұл алаңдардың экология, тұрақты даму және биоалуантүрлілікті сақтау салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, аталған іс-шаралар Қазақстан мен Бразилия арасындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретіні айтылды.

Бұдан бөлек, кездесуде жоғары және жоғарғы деңгейлердегі екіжақты сапарларды ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Тараптар Қазақстан-бразилиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделі екенін растады.

Кездесу конструктивті жағдайда өтіп, Қазақстан мен Бразилия арасындағы серіктестіктің жүйелі әрі ұзақмерзімді сипатқа ие екенін көрсетті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -