Қазақстандық ұйымдар еуропалық ғылыми кеңістікке шығып жатыр

1221
Фотосурет: NU

Астанада Horizon Europe бағдарламасы бойынша халықаралық воркшоп басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Астанада қазақстандық ұйымдардың Horizon Europe бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері мен аса маңызды шикізат материалдары саласындағы халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамытуға арналған екі күндік халықаралық воркшоп өтіп жатыр.

Іс-шара Еуропалық комиссия мен Nazarbayev University қолдауымен ұйымдастырылды. Воркшопқа университеттер мен ғылыми ұйымдардың, индустриялық серіктестердің өкілдері, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ халықаралық ғылыми жобаларды сүйемелдейтін ұйымдар қатысты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі (@gylym_jogarybilim)

Воркшоптың ашылуында Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы делегациясы басшысының орынбасары Ааро Юлиталo, Nazarbayev University ғылым жөніндегі вице-провосты Бьерн Биргиссон және ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ Қазақстандағы Horizon Europe бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Алия Сембаева құттықтау сөз сөйледі.

Негізгі сарапшы ретінде Еуропалық одақтың халықаралық сараптамалық қолдау жүйесінің сарапшысы Манфред Шпильберг қатысты.

Спикерлер өз баяндамаларында халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтың стратегиялық маңызын, Horizon Europe бағдарламасының қазақстандық ұйымдарды еуропалық зерттеу кеңістігіне кіріктірудегі рөлін, сондай-ақ ғылым мен өнеркәсіп арасындағы ұзақ мерзімді әріптестіктерді дамытудың өзектілігін атап өтті.

19-20 қаңтар күндері қатысушылар үшін Horizon Europe бағдарламасына қатысудың практикалық қырлары, соның ішінде өтінім беру ережелері, халықаралық консорциумдарды қалыптастыру тетіктері және серіктес іздеу құралдары таныстырылады.

Бағдарлама аясында аса маңызды шикізат материалдары мәселелеріне арналған жеке тақырыптық сессия да қарастырылған.

Аталған воркшоп қазақстандық ұйымдардың Horizon Europe бағдарламасына қатысу ауқымын кеңейтуге, серіктестік байланыстарды нығайтуға, технологияларды бірлесіп дамытуға, тәжірибе алмасуға және отандық ғылымды халықаралық зерттеу мен инновациялық желілерге жүйелі түрде интеграциялауға бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -