Студенттік идеяны үлкен сахнаға шығарып, оны нақты өнімге айналдыру - көпшіліктің арманы. Ал енді бұл арман қазақстандық жастар үшін бұрынғыдан да жақын. Red Bull Basement атты жаһандық бастама технологиялық және стартап идеялары бар студенттерге өз жобасын әлемге таныстыруға мүмкіндік беріп отыр. Өтінім қабылдау ашық, соңғы мерзім - 2026 жылдың 15 наурызы, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ұлттық іріктеуден өткен қазақстандық жеңімпаз жобасын АҚШ-тағы Кремний алқабында өтетін әлемдік финалда таныстырады. Ең бастысы - ол өз идеясын жүзеге асыру үшін $100 000 инвестиция ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Максим Маловтың суреті
Red Bull Basement деген не?
Red Bull Basement - бұл жай ғана байқау емес. Бұл - идеясы бар студенттерді жаһандық стартап экожүйесіне қосатын платформа. Мұнда адамдардың күнделікті өмірін жақсартуға бағытталған жобаларға басымдық беріледі. Әсіресе бағдарламалық қамтамасыз ету, бұлтты технологиялар және жасанды интеллект саласындағы шешімдер жоғары бағаланады.
Қазақстан үшін бұл бастама - жергілікті деңгейден бірден халықаралық нарыққа шығудың сирек мүмкіндігі.
Максим Маловтың суреті
Қазақстаннан шыққан табысты жоба
Red Bull Basement тарихында қазақстандық жобалар да бар. 2024 жылы ұлттық финалдың жеңімпазы атанған Umit жобасы соның айқын дәлелі. Оны Тараз қаласынан шыққан жоғары сынып оқушылары Қанат Тәжіхан мен Султан Жумакадыр әзірледі.
Umit - мүмкіндігі шектеулі адамдарға тіл қимылы арқылы технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Жоба авторлары бұл идеяға өздерінің егде жастағы туыстары күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарды бақылау барысында келген.
Әзірлеу барысында ең күрделі тұстардың бірі микрочиппен жұмыс істеу болды - мұнда жоғары дәлдік талап етіледі. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі адамдармен сұхбат жүргізу мен тестілеуді ұйымдастыру да оңайға соқпады, себебі олардың көпшілігі үйден сирек шығады. Соған қарамастан, жоба дамытылып, болашақта қоғамдық қорлармен әріптестік орнату жоспарланып отыр.
Бұл оқиға қазақстандық жастар үшін бір нәрсені анық көрсетті: идеяң маңызды болса, география кедергі емес.
Максим Маловтың суреті
Кімдер қатыса алады?
Red Bull Basement қатысушыларына қойылатын талаптар қарапайым:
- 18 жастан асқан университеттер мен колледждердің студенттері
- 1-2 адамнан құралған командалар
- бағдарламалық қамтамасыз ету, бұлтты технологиялар және жасанды интеллект бағытындағы жобаларға басымдық беріледі
Дайын өнімнің болуы міндетті емес. Ең маңыздысы - мәселені түсіну және оны шешудің нақты идеясы.
Максим Маловтың суреті
Өтінім беру қалай жеңілдеді?
Қатысушылар арнайы сайтта жобаның идеясын, мақсатты аудиториясын, шешілетін проблеманы және ұсынылатын шешімді сипаттайды. Биыл өтінім беру үдерісі айтарлықтай жеңілдеді - оған жасанды интеллект көмекшісі енгізілген. Ол ойды жүйелеуге, мәтінді нақтылауға және өтінімді күшейтуге көмектеседі.
Тіркелгеннен кейін қатысушылар өз жобаларын дамыту үшін Microsoft Azure Credits тегін алады. Бұл прототип жасауға және техникалық шешімдерді сынауға үлкен қолдау.
Іріктеу қалай өтеді?
Барлық өтінімдерді сарапшылардан құралған қазылар алқасы қарайды. Іріктелген командалар 1 минуттық видео-питч дайындайды. Дәл осы қысқа таныстырылым ұлттық кезеңнің жеңімпазын анықтайды. Жеңімпаз Қазақстан атынан АҚШ-та өтетін әлемдік финалға жолдама алады.
Максим Маловтың суреті
Қатысушылар не ұтады?
Red Bull Basement тек қаржылай қолдау ғана емес, стартап үшін аса маңызды мүмкіндіктер ұсынады:
- жеңімпаз жобаға $100 000 және $25 000 көлемінде Microsoft Azure Credits
- халықаралық сарапшылар мен менторлардың қолдауы
- нетворкинг, серіктестер мен инвесторларды табу мүмкіндігі
- жаһандық жасанды интеллект пен бұлтты құралдармен жұмыс істеу тәжірибесі
Неге бұл мүмкіндікті жіберіп алмау керек?
Red Bull Basement - аудиторияда туған идеяны Кремний алқабына дейін жеткізе алатын сирек алаңдардың бірі. Қазақстандық студенттер үшін бұл тек байқау емес, өзіне және жобасына сенім артуға берілген нақты мүмкіндік.
Бәлкім, келесі халықаралық финалда Қазақстан атынан сахнаға шығатын жоба дәл қазір сенің ойыңда жүрген идея болар.