Астана алдағы күндері әлемдік киберспорт пен фиджитал қозғалысының орталығына айналады.
Елордаға «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турниріне қатысатын әлемнің ең мықты командалары келе бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұл жай ғана кезекті турнир емес. Бірнеше күннің ішінде Қазақстанға халықаралық ареналарда миллиондаған жанкүйері бар клубтар жиналып, цифрлық технология мен дәстүрлі спорттың тоғысқан жаңа форматын көрсетеді.
Әлемнің үздіктері Астанада бас қосады
Алғашқылардың бірі болып елордаға Phygital Basketball Presented by Halyk Fund дисциплинасының қатысушылары жетті.
Олардың арасында:
- MINSK;
- Zagrebacki malisani NITUI;
- Vozdovac Belgrad;
- Dangerous Meridianbet;
- Flow Game Basketball;
- сондай-ақ Аргентинаның атақты Boca Juniors клубы бар.
Boca Juniors баскетбол командасы — Аргентинаның қазіргі екі дүркін чемпионы әрі Basketball Champions League Americas турнирінің жеңімпазы. Ал клубтың фиджитал құрамасы халықаралық додаға ұлттық іріктеуде жеңіске жетіп, жолдама алған.
Миллиондаған жанкүйері бар клубтар Қазақстанға келеді
Алдағы күндері Астанаға әлемдік киберспорттың ең танымал ұйымдары да келеді.
Олардың қатарында:
- Xtreme Gaming;
- Vici Gaming;
- Team Falcons;
- Team Spirit;
- T1;
- Bigetron by Vitality;
- Twisted Minds;
- 17 Gaming;
- Aurora Gaming;
- The MongolZ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл ұжымдар турнирдің ең көрермен көп күтетін бағыттарында бақ сынайды:
- MOBA PC Dota 2 Presented by Bank CenterCredit;
- MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM;
- Battle Royale – PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank;
- Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO;
- және басқа да дисциплиналар.
Көптеген жанкүйер үшін бұл — осы командалар мен әлемдік деңгейдегі ойыншыларды алғаш рет Қазақстанда өз көзімен көруге мүмкіндік.
800-ден астам спортшы, 50-ден астам ел
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, турнирге 50-ден астам ұлттың 800-ден аса спортшысы қатысады.
Жарыс барысында классикалық спорт пен цифрлық ойындар бір алаңда тоғысады. Матчтарды интерактивті аймақтар, жаңа технологиялық шешімдер және көрермендерге арналған арнайы белсенділіктер толықтырады.
Қазір спорт нысандарында соңғы дайындық жұмыстары аяқталуға жақын.

Қазақстан үшін жаңа деңгейдегі халықаралық оқиға
«Болашақ ойындары» соңғы жылдары әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан халықаралық спорт жобаларының біріне айналды. Оның ерекшелігі — физикалық спорт пен цифрлық бәсекені бір жарысқа біріктіруінде.
Осындай ауқымды турнирдің Қазақстанда өтуі елдің халықаралық спорттық және технологиялық имиджі үшін маңызды оқиға саналады.

Турнир қашан өтеді?
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді.
Бағдарлама физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін сегіз дисциплинадан тұрады.
Турнир билеттері Freedom Ticketon платформасы мен Freedom SuperApp мобильді қосымшасында сатылымда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram


