Қазақстанда жол апатын рәсімдейтін сервис халықаралық марапат алды

301
Мәдина Есенова Редактор
Фотосурет: magnific.com

Қазақстандық цифрлық платформа халықаралық деңгейде мойындалды. Жол-көлік оқиғаларын рәсімдеу мен сақтандыру төлемдерін алу процесін жеделдететін DTP.kz сервисі Global Insurance Innovation Awards 2026 сыйлығының жеңімпазы атанды, передает DKNews.kz.  

Сыйлықты ұйымдастырушылардың хабарлауынша, Freedom Insurance сақтандыру компаниясы әзірлеген платформа Best Claims Management System – Kazakhstan («Қазақстандағы сақтандыру жағдайларын реттеудің үздік жүйесі») номинациясында жеңіске жетті.

Жол апатын цифрлық форматта рәсімдеу соттардың жүктемесін азайтты

DTP.kz платформасы Еурохаттама тетігі негізінде жұмыс істейді. Бұл жүйе белгіленген талаптар сақталған жағдайда жүргізушілерге жол-көлік оқиғасын полиция қызметкерлерін шақырмай және сотқа жүгінбей рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Жүргізушілер құжат рәсімдеуге және сақтандыру төлемін алуға кететін уақытты үнемдесе, мемлекеттік органдардың әкімшілік жүктемесі азаяды.

Freedom Insurance ұсынған мәліметке сәйкес, Еурохаттама тетігін қолдану нәтижесінде 2025 жылы Астананың әкімшілік соттарына түсетін жүктеме 30%-ға төмендеген.

Freedom Insurance үш халықаралық марапатқа ие болды

DTP.kz платформасымен қатар, халықаралық сыйлықты ұйымдастырушылар Freedom Insurance компаниясының цифрлық экожүйесін де жоғары бағалады. Компания Best Digital Insurance Company – Kazakhstan («Қазақстандағы үздік цифрлық сақтандыру компаниясы») номинациясында жеңімпаз атанды.

Экожүйе сақтандыру полистерін онлайн рәсімдеу, сақтандыру жағдайларын қашықтан реттеу және Freedom SuperApp қосымшасымен интеграциялау қызметтерін біріктіреді. Пайдаланушылар бір сервис арқылы сақтандыру полисін рәсімдеп, тиісті төлемдерін ала алады.

Freedom Insurance басқарма төрағасы Азамат Керімбаев CEO of the Year – Kazakhstan («Қазақстандағы жылдың үздік басшысы») марапатына ие болды. Ұйымдастырушылар оның компанияны цифрландыруға, инновациялық шешімдерді енгізуге және елдің сақтандыру саласын дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Қазақстанның сақтандыру нарығында жаңа технологиялар кеңінен қолданылуда

Global Insurance Innovation Awards халықаралық сыйлығын қаржы қызметтері, сақтандыру және қаржы технологиялары саласына маманданған The Global Insurer талдамалық, баспа және консалтингтік компаниясы ұйымдастырады.

Freedom Insurance жасанды интеллектіні, үлкен деректерді (Big Data) және ғарыштық технологияларды пайдалана отырып, цифрлық өнімдерін дамытып келеді. Бұл сақтандыру операцияларын автоматтандыруға және адами фактордың ықпалын азайтуға мүмкіндік береді.

Ал жүргізушілер үшін цифрландырудың нақты пайдасы жол апаты болған сәттен бастап сақтандыру төлемін алғанға дейінгі уақыттың қысқаруымен өлшенеді.

Бұған дейін біз Қазақстанда жол апатын полиция шақырмай, сотқа жүгінбей рәсімдеу тәртібі және Еурохаттаманың жүргізушілерге беретін артықшылықтары туралы жазған болатынбыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -