ҚызПУ-да халықаралық жазғы мектеп аяқталды

4006

 «Болашақ үшін жобалаймыз және зерттейміз». Осындай атаумен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ұйымдастырылған халықаралық жазғы мектеп аяқталды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Педагогика және психология жоғары мектебінің бастамасымен жүзеге асқан шараға Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындары және мектептерінің педагогтары қатысты. Сонымен қатар жазғы мектеп жұмысына мектеп оқушылары да атсалысып, өз жобаларын ұсынды.

Жазғы мектеп жұмысы Қыздар университеті мен «Бастауыш сынып мұғалімдерінің бастауыш мектеп оқушыларының зерттеу (жобалау) қызметін педагогикалық тұрғыдан сүйемелдеу білігін қалыптастыру» жоғары оқу орныішілік жобасына қатысушылардың қолдауымен жүзеге асты.

Шараның ашылу рәсімінде Педагогика және психология жоғары мектебі деканының ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі орынбасары Ә. Кариев, педагогика ғылымдарының кандидаты Т. Байназарова, Ресейдің Горно-Алтай мемлекеттік университетінің оқытушысы Н. Кергилова, Шадрин мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы Ю. Рюмина, Алматы қаласындағы №27 гимназиясының мұғалімі Е. Юмшанова және өзге де білім беру саласының қызметкерлері қатысып, маңызды ақпараттарымен бөлісті.

Жазғы мектеп барысында жоғары оқу орындары мен мектеп педагогтары оқушылардың зерттеу жұмыстарын сүйемелдеу бойынша тәжірибе мен ұсыныстар алмасты. Сондай-ақ ресейлік және қазақстандық мұғалімдер әлеуметтік, шығармашылық бағыттағы зерттеу жобаларын таныстырды.

Шара соңында үздік деп танылған жобалар арнайы дипломдармен марапатталды.

I дәрежелі диплом иегерлері:

Ая Амангелді – Шымкент қаласындағы №85 жалпы білім беретін мектептің оқушысы;

Тимур Балуев – Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының оқушысы;

Ульяна Аревьева – Ресейдің №23 лицейінің оқушысы.

II дәрежелі диплом иегерлері:

Алена Кобылинская – Ресейдің №23 лицейінің оқушысы;

Луиза Рудица – Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының оқушысы.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -