Атырауда қоршаған ортаны ластайтын көлікпен жүрген 16 жүргізуші жауапқа тартылды

4209

Атырауда қоршаған ортаны ластайтын көлікпен жүрген 16 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қала аумағында тұрғындар тарапынан қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтары шамадан тыс артып кеткен көлік құралдарының қозғалысы көбейіп кеткендігі жөнінде хабарламалардың жиі түсуде. Осыған байланысты Атырау қаласы Полиция басқармасы Облыстық экология департаментіне ұсыныс жолдап, 2021 жылдың 28-29 шілде күндері бірлескен жұмыстар атқарды.

– Атырау қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері 20 дан астам көлік құралдарының қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтардың нормаларына сәйкестігін тексерді. Тексеру кезінде 16 көлік құралының шығарындыларында ластаушы заттардың нормалары шамадан тыс екендігі анықталып, көлік жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабына сәйкес (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -