Қызылорда полицейлері қараусыз жүрген бір жарым жастағы бүлдіршінді ата-анасына табыстады

3869

Қызылорда полицейлері қараусыз жүрген бір жарым жастағы бүлдіршінді ата-анасына табыстады, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ағымдағы жылдың 29 шілдесі күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Тасбөгет полиция бөлімінің полицейлері қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында Тасбөгет кентінде бағыт аралау жұмыстарын атқарып жүрген. Патрульдік полиция аға лейтенанты Тасмағанбетов Абзал және учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Шайманов Рамазан жолда жүрген бір жарым жасар бүлдіршіннің ата-анасының қарауынсыз жүргенін байқаған. Полицейлер бірден кішкентай бүлдіршіннің жанына барып аты-жөнін, ата-анасын сұрай бастайды. Алайда тілі толық шыға қоймаған балақай нақты жауап бере алмады. Содан тәртіп сақшысы оның ата-анасын табу мақсатында жедел-іздестіру шараларына бірден кірісті.

Белгілі болғандай, ата-анасы жұмыста болған екен, бүлдіршін күндіз үйде ағасымен қалған. Полицейлер дереу ата-анасын шақыртып, бүлдіршінді аман-есен табыстады.

– Сіздер болмағанда біз жұмысымызда жүре берер едік. Осындай адал еңбектеріңіздің арқасында қызымыз ешқандай қайғылы оқиғаға тап болмай аман сау табылды. Сіздерге айтар алғысым шексіз, – деп қала тұрғыны өз ризашылығын білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -