ШҚО-да саяжайдан бірнеше рет ұрлық жасаған ер адам ұсталды

3374

ШҚО-да саяжайдан бірнеше рет ұрлық жасаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Глубокое ауданының ПБ кезекші бөліміне Өскемен қаласының 53 жастағы тұрғыны Степное ауылындағы бау-бақша қоғамының бірінде орналасқан саяжай үйінің кіреберіс есігінің аспалы құлпын бұзу жолымен белгісіз адамдар тауарлық-материалдық құндылықтарды жасырын ұрлап кеткені туралы өтініш білдірді.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Глубокое ауданының полиция бөліміне Өскемен қаласының 50 және 71 жастағы тұрғындары осындай өтінішпен жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Өскемен қаласының 35 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдемелер алынды.

– Оның Глубокое ауданының аумағында осыған ұқсас үш қылмыс жасауға қатыстылығы анықталды. Келтірілген жалпы шығын сомасы 350 000 теңгеден асады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттеріжүргізілуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -