ҚазҰУ Жолдаудағы бастамаларды қолдайды

2239

 

ҮЛКЕН МӘСЕЛЕРГЕ КӨҢІЛ БӨЛІНДІ

2021 жылдың 1-қыркүйек күнгі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында әрбір саладағы үлкен мәселерге тоқталып кетті. Ауыл шаруашылығында егінге жер бөлу, ауыл халқына субсидияның қол жетімді болуын айтты. Денсаулық  саласының мәселелерін, ветеранирияны автоматтандыруды айтты. 4.0 индустрия элементтерін енгізіп, IT секторларын дамыта отырып, ең үздік мамандарды дайындау мақсаттары қойылды. 

Ең маңызды білім сапасын көтеру және әрбір 3 жыл сайын оқытушылардың біліктілігін арттыру тапсырылды. ЖОО орындары қажетті мамандарды дайындау және ғылымды дамыту, ғалымдарға еңбегіне қарай төлену, грантмерзімін 5 жылға дейін ұзарту туралы міндеттерді қойды.      

М.Е. МАНСУРОВА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ BIG DATA КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

 

ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының бір ерекшелігі – білім берудің сапасы туралы нақты әрі маңызды бастаманы жеткізу туралы тапсырма болды. Президент мырза бұл істі тиянақты тындыруды премьер-министрге жүктеді.

Расында, елімізде жауыннан кейін қаптаған саңырауқұлақтай көбейген жекеменшік жоғары оқу орындары білім беруді бизнеске айналдырды. Осының салдарынан дипломы бар, білімі жоқ, маман емес адамдар пайда болды. Бұл қоғам үшін аса қауіпті үрдіс еді.

Сол мақсатта былтырдан бері Президент тапсырмасымен Білім және ғылым министрлігі біраз жоғары оқу орнының есігіне құлып салған болатын. Қағаз жүзінде ғана заңдастырылып, іс жүзінде оқытпай, диплом беретін мекемелердің мемлекетке зиян екенін қоғам түсіне бастады. Дегенмен білім беруді табысты бизнеске айнал­дырған ықпалды адамдардың қарсы­лығынан бұл жұмыс баяу жүруде екенін тілге тиек етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жолғы Жолдауындағы сүйіншілеп айтар бір тұсы: ғылымды дамытуға бастайтын тың ұсыныстар болды. Атап айтар болсақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырды. Мұндай үлкен бастамалар ғылым саласына тың серпін берері анық. Себебі жастардың ғылымға деген қызығушылығын ояту, олардың талпыныстарына демеу болу аса маңызды. Сондықтан бөлініп жатқан грант саны қаншалықты көп болса, соншалықты тиімді болмақ.

Ғылымды қаржыландыруды мықтап қолға алуды көздеген жолдар Жолдаудың өзектілігін арттыра түскендей. Мемлекет басшысы: «Ғылымды қаржыландырудың және қол­даудың маңызды көзі – ірі кәсіп­орындардың, әсіресе шикізат саласын­дағы компаниялардың қаражаты. Тапқан табыстың 1 пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қол­даныстағы норма талаптары сақталмай отыр. Көп жағдайда бұл қаражат компаниялардың ішінде бөлініске түсіп кетеді. Үкіметке осы қаражатты жинақтау ісін орта­лықтандыруды және оның бюджет арқылы жалпыұлттық ғылыми басым­дық­қа сай бөлінуін қамтамасыз етуді тапсы­рамын», – деді. 

Расында, дамыған елдерге қарап отырсақ, ғылымды қаржыландыру мәселесіне аса көп көңіл бөледі. Сондықтан да оның жемісін жеп келе жатыр. Адамзатқа керек техниканы солар алдымен ойлап тауып, байлыққа кенелуде. Себебі олардың ғылымға бөлінген қаражаты соның барлығын қамтуға жеткілікті. Ал дамушы және кейін қалған елдерде керісінше. Бұл мәселе осы Жолдауда айтылғаны көңілге үміт сыйлады. Енді тек құзырлы мекемелер мен басшылар тапсырманың маңыздылығын түсініп, орындай білсе болғаны.

Университеттер мен кәсіпорындардың арасындағы байланыс жайында да сөз қозғалды. Өндіріс ошақтары мен университеттің зертханалары бірігіп жұмыс жасап, бизнес өкілдері ғылымға арқа сүйеп, ғалымдарымыздың мүмкіндігін пайдалана білгенде ғана біз әлемдегі алпауыт мемлекеттермен, олардың алпауыт компанияларымен бәсекеге түсе аламыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына бұл жолғы Жолдауындағы ғылым жайындағы тақырып осылай түйінделді.

Жолдауда айтылған түйткілді түйіндер мен маңызды мәселелер көпшіліктің көңілінен шықты. Әсіресе біз секілді ғылым саласында жүргендердің жүрегінен жол тапты. Бұл Жолдау ғылымның дамуына жол ашатын жолдау болды. Ендігі мәселе – осындай тамаша жолдаудың мінсіз орындалуы.

БЕРДІХАН ҚАЗЫРЕТ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ЖЫЛУ ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ФИЗИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ

 

ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына баса назар аударды. Осылайша болашақта төнер қауіп-қатерге еліміздің ынтымағы мен халқымыздың біртұтастығымен қарсы тұра алатынымызды атап көрсетті.

«Егемендігіміз – сөз жүзіндегі жалаң ұранға айналмай, еліміздің экономикасын тұрақты дамытатын, жарқын болашағымыздың кепілі, жастар әлеуетін тиімді пайдалану секілді іс жүзінде орындалатын әрекеттер болуы керек», – деді. Еліміздің тәуелсіздігі мен тұрақты дамуына өз үлесін қосатын білікті мамандар мен инвесторлар тарту керектігіне тоқталды. Қаржы жүйесінде теңгенің құлдырауына қатысты Ұлттық банк, жалпы, банк секторындағы субъектілердің әлеуетін тиімді пайдалану және «қатып қалған» активтерді айналымға қосу арқылы еліміздегі қаржылық ахуалды дұрыс жолға қою қажеттілігін тапсырды.

Ауа райының қолайсыздығына қатысты мал шаруашылығында туындаған қиындықтардың оң шешімін тапқанына қарамастан, жайылымдық жерлерге қатысты мәселелерді өкімет жергілікті билікпен бірлесе отырып шешу керек. Ветеринария жұмысының деңгейін көтеру, осы саланы цифрландыру, реформалау қажеттігі және ауыл шаруашылығына арналған субсидияға соңғы екі жылда 2 трилион ақша бөлінгені де ұмыт қалмады. Шаруашылық техикалардың 90 пайызы ескіргенін, техникаларды жаңарту, шаруаларға субсидиялардың қолжетімді болуы мен агросаясатын еліміздің саясатымен ұштастыра жүргізу керектігін атап көрсетті.

Ауғанстандағы ахуалдың біздің еліміздің геосаясатына қатысты қауіп төндіру мүмкіндігі бар екеніне тоқталып, еліміздің қарулы күштері мен қорғаныс саласының жұмысын күшейтудің қажеттілігін ескертті.

Мемлекет басшысы қозғаған келесі мәселе – денсаулық саласына қатысты болды. Елімізде күн сайын мыңдаған азаматтарымыз қатерлі дертке ұшырап, оның зардабын шегіп жатыр. Дертпен күресу шарасы қолға алынғаны туралы айтылды. Қазақстан өз «Qazvak» вакцинасын шығарған санаулы елдің бірі және біздің вакцина қауіпсіз, біздің вакцинаға қызығушылық танытып отырған елдер де бар. Елімізде вакцина қоры жеткілікті, бұл адамдардың таңдау мүмкіндігі кең екенін көрсетеді. Пандемеяны тоқтатудың бірден-бірі жолы – вакцинациялау. Сонымен қатар коронавирустан да басқа дерттерді талдап, медициналық сараптама жасайтын, халықаралық стандартқа сай, елімізде 12 зертхана соңғы технологиямен жабдықталуы керек. Осылайша зертханалардың 90 пайызын жоғары деңгейде жұмыс істеуге қол жеткізеді. Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын сала құрылуы тиіс. Жаһандық фармацевтикамен бірлесе жұмыс істейтін медициналық орталық құру, денсаулық саласына қомақты қаржы құйылуы қажет. Бұл қаржы елімізде жоғары санатты медицина мамандары мен клиникаларды жаңадан жабдықтауға жұмсалатындығын, осындай игілікті шара арқылы медицина саласының халықаралық стандартқа көтерілетіндігін, сонымен қатар медицина саласында тұрақты екпе егу жұмысын қалыптастырудың маңыздылығын, қатерлі дерттердің алдын алу шарасы екпе егу екенін баяндады.

Денсаулықтың, салауатты өмірдің кепілі – спортпен айналысу. Осы саланың жұмыс көлемін кеңейту керектігіне тоқтала келе, онлайн сабақты ұйымдастыру кезінде олқылықтарды, жалпы, отандық білім беру саласының кемшін тұстарын айта келіп, білім деңгейінің талапқа сай болуына, түлектердің жаңа білім таратушы, нағыз ағартушы болуы тиіс екеніне тоқталды. Былтыр жалпы білім беретін білім мекемелерінде оқу қашықтықтықтан білім алу жүйесімен берілгеніне қарамастан, биыл Қазақстанның мектеп оқушылары халықаралық пәндік олимпиадаларда үлкен табыстарға қол жеткізгенін де елеусіз қалдырмады.

Бюрократизмді тоқтатып, елімізде цифрландыру жұмысының ауқымын арттыру мен еңбекақы деңгейін көтеруді, жан басына шаққанда қаржыландырудың көлемін арттырудың қажеттілігіне тоқталды. Ауылдық елді мекендерде гранттық қаржыландырудың қарапайым тетіктерін енгізу арқылы ауылдықтардың өмір сүру деңгейін көтеру, оларды ынталандыруға болатынын мәлімдеді. Қылмыстардың алдын алу мен азаматтардың сауаттылығын, мәдениетін, салауатты өмір сүру деңгейін көтеру мәселесі мен еліміздің бірлігін сақтаудың, алауыздыққа жол бермеудің маңыздылығын айта келе, елімізде мемлекеттік тіл біреу ғана – қазақ тілі. Ал орыс тілі – БҰҰ-дағы ресми тіл, ұлтаралық қатынас тілі деді. Қазіргі таңда қазақ тілінің өрісі кеңейіп, білім мен ғылымның, мәдениеттің тіліне айналды. Өз болашағын Қазақстанмен байланыстырғысы келетін азамат қазақ тілін білуі қажет деп атап көрсетті. Қазақстан өз тарихында, тәуелсіздік жылдарында да талай қиыншылықтарды басынан өткеріп, жеңе білгенін, осы табыс пен жеңіске халқымыздың берекелі бірлігі мен ерен еңбегі арқылы жеткендігімізді айта келе, алдағы тәуелсіздіктің   төртінші онжылдық кезеңі де оңай болмайтынын, елімізді талай сынақ күтіп тұрғанын, сол себепті біз, қазақстандықтар, кез келген қауіп-қатерге даяр болуға тиіс екенімізді атап айтты.

Президентіміздің Жолдауы, қорыта айтқанда, еліміздің тұрақты даму уақыттың талаптары мен сұраныстарын қанағаттандырумен қатар, болашақ ұрпағымыздың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне қауіп төндірмейтін орнықты даму болып табылатынын көрсетті.

Президентіміздің Жолдауы – мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен халқымыздың өмір сүру деңгейін одан ары жақсартуға, еліміздің экономикасын өркендетуге жол көрсетіп, бағыт беретін стратегиялық маңызы зор бағдарлама.

РАХИЛА НАРАЛИЕВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ЖОО-ҒА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

 

ІРГЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР БАҒДАРЫ

Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел Президентінің жолдауы Білім күні мерекесімен қатар келіп, әрбір Қазақстан азаматының назарын ерекше аударды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен қиыншылықтарын және өзгерістерін сөз етті. Сонымен бірге еліміздің әлеуметтік дамуын, ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Ел тағдыры үшін маңызды бағыттарға тоқталып өтті. Жолдауда айтылған тармақтардағы барлық бағыттардың дамуы ел тағдыры үшін маңызды деп санаймын. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, қала берді, мемлекеттік басшылықта отырған депутаттар мен министрлердің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсының міндетін, қызметіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды қадап айтып өтті. Әсіресе қазіргі кезеңде денсаулық саласы қызметкерлерінің еңбегінің бағалануы керектігін, оларға әлеуметтік көмектің тағайындалуын тапсырды.

Білім беру жолында еңбек етіп жүргендіктен, осы салада болып жатқан барлық өзгерістер мен жаңалықтар бізді де алаңдатады. Пандемияны ескеріп, еліміздегі карантиндік жағдайды қатаң сақтай отырып, білім беру саласының қашықтан ұйымдастырылып отырғанын, сондай-ақ қашықтан білім беру жүйесінің әдеттегі дәстүрлі сабаққа жетпейтініне тоқталды. Дәстүрлі жүйе бойынша білім алуға барша жағдай жасауды тапсырып отыр. Әрбір оқушы мен ұстаздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолын ескере отырып, дәстүрлі жүйеде білім беруге дайындық жұмыстарын жүргізуді де атап айтты. Қашықтан білім беру жүйесінде де барынша дамытылған онлайн білім беру платформаның дайындалу керек екенін қадап айтты. Басты назарды жасөспірімдердің спорт пен шығармашылық тұрғыда білім алуына жағдай жасауға жұмсауды тапсырды. Әрбір жас бүлдіршінге мектепке дейінгі оқу-тәрбие берілуі керектігін, балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру орындарын көбейту үшін жұмыс жасауды, білімді ұрпақтың ел болашағы екеніне назар аудару керектігін айтты.

Сонымен қатар Президентіміз жылдағы Жолдауында атап айтатын тағы бір мәселе – ұстаздардың еңбекақысы жайлы болды. Алдағы қаңтар айында ел ұстаздарының еңбекақысын 25 пайызға өсіруді тапсырды. Өзім де оқытушы ретінде мемлекет тарапынан жасалып отырған әрбір көмек бізді жігерлендірп отыратынын айтқым келеді. Біз, ұстаздар қауымы, еліміздің дамуы мен жаңаруы жолында бар күш-жігерімізді сала отырып, еңбек ету өзіміздің басты парызымыз деп санаймыз.

Р.ДҮЙСЕНБАЕВА, ЖОО-ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ТІЛДІК ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ДАЙЫНДЫҒЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

 

АЛДЫМЫЗДА АУҚЫМДЫ МІНДЕТ ТҰР

Бүгін еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуінде көпшілікті толғандырып жүрген негізгі мәселелерге, IT сектор мен цифрландыру, әскери күш, денсаулық сақтау мен медицина саласындағы зерттеулер мен сараптаулар, биологиялық зерттеулер, геология саласы, әлеуметтік сала, педагогтарды даярлау мен білімін жетілдіру, ғылым саласы, суды пайдалану мен экология саласы, жаңартылатын, атомдық және сутегі энергия саласын дамыту бойынша оңтайландыру және тиісті нормативтік актілер мен заңдар қабылдауға және осы саладағы бірнеше мәселелелерді жедел шешу жөнінде үкіметке тапсырмалар берді.

Атап айтар болсақ, Президентіміз жақын арада мемлекеттік секторды толықтай цифрландыру керек екенін айтты. Цифрландыру жобасы аясында 100 мың білікті ІТ маман даярлау жөнінде тапсырма берді. Ал 2025 жылға дейін цифрлық саладағы қызмет көрсету мен тауар экспортын 500 миллион долларға жеткізу керек екенін баса айтты.

Президент Жолдау барысында білім беру мен ғылым саласын да айналып өтпеді. Ол қашықтан білім беру үшін әлі нақты кемшіліктер бар екенін және оларды ары қарай дамыту керектігін айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдер мәселесіне тоқталып, педагогтың мәртебесін арттырып, педагогика саласындағы жұмыстарды ары қарай жалғастыруға пәрмен берді, заман талабына сай педагогтардың білімін жетілдіру мәселесін алға қойды және білімін жетілдіру бағдарламасын бес жылда бір рет емес, үш жылда бір рет өтуді және ол үшін педагог өз қаржысын жұмсамау қажеттігін баса айтты.

Еліміздегі ғылым мен ғалымдар мәселесіне арнайы тоқтала отырып Мемлекет басшысы: «Ғылымды дамыту – біздің аса маңызды басымдығымыз. Бұл саладағы түйткілдерді табу үшін жыл соңына дейін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Ең алдымен жетекші ғалымдарға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керек. Мұны ғылымға бөлінетін базалық қаражат есебінен қамтамасыз еткен жөн. Мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру тәртібін тапсырдым. Құзырлы министрлік осындай ғылыми мекемелерді іріктеудің әрі қаржыландырудың айқын әрі ашық ережесін әзірлеуі керек», – деді.

Президент ғылымды гранттық қаржыландыру мерзімінің үш жылмен шектелуі іргелі ғылымды дамытуға едәуір кедергі келтіріп отырғанын және осындай қысқа жоспарлау мерзімінде қандай да бір нәтижеге қол жеткізудің өзі қиын екенін айтып: «Ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарастырған жөн. Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің әділдігі туралы мәселе де күн тәртібінен түспей тұр. Осыған орай, апелляция институтын енгізу қажет деп санаймын. Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласы алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз», – деді.

Сонымен қатар еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құрылуға тиіс екенін айтты: «Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құрылуға тиіс. Бұл іс-шара тиісті заң жобасында қарастырылған. Парламенттен осы заң жобасын қазіргі сессияның соңына дейін қабылдауды сұраймын. Медициналық сараптама жасайтын көптеген зертханамыз халықаралық стандартқа сай емес. Денсаулық ұлт жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралмен жабдықтау қажет. Соның арқасында зертханаларымыз 90 пайызға дейін халықаралық талапқа сай жұмыс істейтін болады», – деді.

Бұл Жолдаудағы айтылған білім мен ғылым саласының шешімін таппай жатқан тұстарына тоқталып, оларды негізгі мәселеге қойып, ғалымдар мен педогогтардың жағдайын көтеріп, мәртебесін арттыру, жетекші ғалымдарға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу, гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту және іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру мәселесі еліміздің ғылыми әлуетінің жоғарылауына және дамуына үлкен септігін тигізетіндігі сөзсіз.

ОРАЗБАЕВ САҒИ ӘМЗЕҰЛЫ, ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ПФНЖКФ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ

 


 

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНА КӨП ҚОЛДАУ ҚАЖЕТТІГІ АЙТЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында бүгінде әлем жұртшылығы тап болған дағдарыстан шығу жолдары жайлы сөз қозғалды.

Еліміздегі заң шығарушы орган – Парламенттің қос палатасының біріккен отырысындағы жиын барысында жарияланған Жолдаудың басым бөлігі қазақстандық қоғамда жалғасып жатқан саяси жаңартулардың маңызы, тұрақты экономикалық даму мен қордаланған әлеуметтік мәселелерді кеңінен қамтып, жоспарланған істерді дер кезінде жүзеге асыру жайлы айқын тапсырмалармен бекітілді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетімізде шешімін таппай тұрған қаншама мәселелер бар екенін айта келе, халықтың мүддесін қорғау қашанда мемлекеттік қызметкерлердің бірінші кезектегі міндеті екенін еске салды.

Кемел кезеңнің келелі Жолдауында қазақстандық қоғамда жалғасын тауып жатқан саяси модернизация үдерісінің табысқа қол жеткізуі жалпыұлттық ұйысудың нәтижесінде мүмкін болғанын ерекше атап өтті.  

Саяси реформаларға берілетін басымдық қатарында келешекте депутаттық мандатты бөлгенде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квотаны теңдей бөлуді заңмен бекіту қажеттігін айқындады. Бұған дейін тек партия атынан сайланатын депутаттарға қатысты болған аталмыш талап – болашақта депутаттық мандатты тағайындау барысында қатаң ескерілуі керектігі күн тәртібіне қойылатын болды.

Ауыл әкімдерін сайлау жүйесі толықтай енгізілуімен қатар, ендігі жерде аудан әкімдері де халық тарапынан қолдау табатын сайлаулар арқылы ғана билік басына келуі қажет екені көрсетілді.

Сонымен бірге еліміздегі саяси партиялар атынан сайлау додасына қатысатын кандидаттардың арасында ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың болуын қадап тапсырды. Әлеуметтік қоғам құрып жатқан мемлекетімізде ауыл тұрғындарының азаматтық бастамасына қолдау көрсетудің тиімді механизмі құрылуымен қатар, адам құқығы жоғары қойылып, гендерлік теңдік мәселесі де қадағалауда болуын қалады.

Президент Қ.К.Тоқаев қазіргі таңдағы мемлекетімізде мол мүмкіндіктер бар екенін меңзей отырып, отандық ғылым мен білім саласына көп қолдау қажеттігін алға тартты.

Осы саланы басқаратын Білім және ғылым министрлігінің алдына кезек күттірмес міндеттер қойып: «Ғылымды дамыту – біздің аса маңызды басымдығымыз. Бұл саладағы түйткілдерді табу үшін жыл соңына дейін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Ең алдымен жетекші ғалымдарға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керек. Мұны ғылымға бөлінетін базалық қаражат есебінен қамтамасыз еткен жөн. Мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру тәртібін тапсырдым. Құзырлы министрлік осындай ғылыми мекемелерді іріктеудің әрі қаржыландырудың айқын әрі ашық ережесін әзірлеуі керек», – деген маңызды мәселе көтерді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан қаржыландырылатын арнайы фундаменталды зерттеулер жүргізуге арналған ғылыми гранттар мерзімінің азғана уақыт, яғни үш жылмен шектелуін еліміздегі іргелі ғылымды дамытуға кәдімгідей кедергі болып отырғаны ашық айтылды.

Шындығында, күрмеуге келмейтін қысқа жоспарлау кезінде аталмыш гранттар арқылы мемлекетке пайдасын тигізетін белгілі бір қомақты нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес екені ғалымдарға аян. Осыны ескере келе: «Ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарастырған жөн. Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің әділдігі туралы мәселе де күн тәртібінен түспей тұр. Осыған орай, апелляция институтын енгізу қажет деп санаймын. Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласы алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз», – деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы ғылым мен білім саласында жүрген қауымның жүрегінен жол тапты.

Олай болса әр қазақстандықтың әл-ауқатын барынша көтеруге бағытталған Жолдаудың көпшілік көңілінен шығатыны анық.

Есенай ІҢКӘРБАЕВ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының доценті, саяси ғылымдар кандидаты             

                             

 

 

ЖОЛДАУ БОЛАШАҒЫМЫЗДЫ НЫҒАЙТУҒА МІНДЕТТЕЙДІ

Президент биылғы Қазақстан халқына Жолдауында тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келе жатқанымызға тоқталды. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеткеніміз туралы айтты. Еліміздің тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұрған шақтағы кезеңнің оңай болмайтыны қазірдің өзінде айқын байқалатынына мән берілді. Сондықтан  кез келген сын-қатерге дайын болуға тиіс екенімізге, тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылуымыз қажет екеніне баса назар аударылды. Мемлекет басшысы мемлекеттің тиімділігі және республика халқының тұрмысын, әл-ауқатын арттыру мен жақсартуға негізделген бастамалар мен міндеттерді атап өтті.

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы төмендегі мәселелерге арналды. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму. Орталық Азиядағы экономикасы ең ауқымды ел саналатын Қазақстан қазір пандемияның зардабын тартуда, алайда республикамыз қиындықтарға қарамастан, бағдарын берік ұстап келеді. Орта мерзімді экономикалық саясатын айқындап, мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейін дамудың Ұлттық жоспарын және мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі туралы айтты. Мемлекет басшысы алдағы стратегиялық мақсат Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту керек екенін атап өтті. Ел экономикасына тікелей инвестиция тарту ісін жалғастырудың жаңа тәсілі ретінде стратегиялық инвестициялық келісім ұғымы енгізілді. Пандемия кезінде мемлекет азаматтарға және кәсіпкерлерге ауқымды әрі жедел қолдау көрсетті.

Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Ветеринария жүйесін жақсарту және реформалау мәселесі назарға алынды. Келесі мәселе денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру болды. ҚР Президенті Жолдауында дүниежүзін жайлаған адамзаттың көңілін алаңдатып, біраз елдерді, оның ішінде біздің елге қауіп тудырған індетке және елімізді сол індеттен аман алып шығу жолдары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған елдердің бірі екеніне тоқталып өтті. QazVak вакцинасының тиімділігі мен оның маңыздылығы және бүгінде көптеген елдер сұраныс білдіріп, оны қолдануда екенін атап өтті. ХХІ ғасыр індеті – коронавирустан құтқару жолында республика халқына жаппай екпе салынуда. Мемлекет басшысы еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын Ұлттық жүйе құрылуға тиіс және бұл шараны іске асыруда тиісті заң  жобасын қабылдау керек екеніне тоқталып өтті. Вируспен күрес кезінде республиканың фармацевтика саласын дамытуға ерекше мән берілді. Медициналық сараптама жасайтын көптеген зертханалар заманауи талаптарға сай емес, сондықтан кем дегенде 12 зертхананы жоғарғы технологиямен жабдықтау керек екеніне тоқталып өтті. Медицина өнімдерін зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін заманауи орталық құру керектігіне мән берілді.

Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық  құралдың 17 пайызы ғана отандық өнім, оны 2025 жылы 50 пайызға жеткізу керек екені туралы айтып өтті. Президент бүгінгі Жолдауында бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістеріне тоқтала келе, республика халқының әл-ауқаты мен денсаулығын жақсарту жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін нақтылап айтты.Мемлекет басшысы ел дамуындағы барлық маңызды мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсынды. Соның бірі – сапалы білім беру туралы мәселе. Президентіміз бүгінгі Жолдауында ұстаздарды қолдау саясаты әрі қарай жалғастырылатыны туралы айтты.  Мұғалімдердің еңбекақысы осы жылдың қаңтар айынан бастап 25 пайызға өскені және алдағы үш жылда тағы қосымша 1,2 триллион теңге жұмсалатыны атап өтілді. Пандемияны ескере отырып, республикамыздағы карантиндік талапқа сай, білім беру саласы қашықтан ұйымдастырылды. Алайда қашықтан білім беру жүйесі барысында техникалық ақаулар салдарынан білім алушылар базалық білімді тереңінен игеруге кедергілер келтірілді. Осындай жағдайларға қарамастан, республикамыздың бірнеше мектеп оқушылары дүниежүзілік пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Мемлекет басшысы осындай талантты жастар мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, конкурсқа қатыспай-ақ, гранттық негізде ЖОО-ға қабылдануы қамтамасыз етілетінін айтты. Ал олимпиада жүлдегерлерін дайындаған ұстаздарға моральдық және материалдық тұрғыдан қолдау көрсету керектігін айтты. Президент білім беру саласында заман талабына сай білікті, цифрлық сауаттылығы жоғары ұстаздар керек екенін нақты атап өтті. Цифрландырудың ең басты міндеті – білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда бәсекеге қабілетті маман кадрларды даярлау. Цифрлық сауаттылық – бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлық технологияларды сенімді, тиімді қолдануға икемдейді. Президент  ЖОО-ның алдына қойған басты міндеттердің бірі – заманауи талапқа сай және бәсекеге қабілетті маман кадрларды даярлау міндетін қойды.

Ғылымды дамыту аса маңызды басымдық және бұл саладағы түйткілдердің шешімін табуда жыл соңына дейін заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті. Жетекші ғалымдардың еңбегіне сай жалақысын көтеру және іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру тәртібі енгізілгені айтылды. Біз, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, жаһандану дәуірінде еліміздің дамуы мен жаңаруы жолында бар күш-жігерімізді сала отырып еңбек етеміз. Бұл уақытқа дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл Жолдау ұстаздар қауымына ерекше серпін берді.

ГҮЛНАР ҚОЗҒАМБАЕВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ, Т.Ғ.К.

 

КӨПТІҢ КӨКЕЙІНДЕГІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІЛДІ

Қоғамда жиі талқыланатын, әлеуметтік желілерде үнемі айтылатын мәселелердің дені Жолдаудан көрініс тапқаны – «Еститін мемлекет» идеясының іс жүзіндегі көрінісі. Көптің көкейіндегі сұраққа жауап берілді, оны шешудің жолдары ұсынылды. Демек, айтылған сөздің желіде қалмайтыны расқа айналды. Жаңа жағдайдағы Қазақстанның алдағы даму бағыты, атқарылар іс-шара жоспарының кешені, мал шаруашылығының жай-күйі, өнеркәсіптік әлеуетті жетілдіру тетіктері т.б. сала мамандары саралай жатар. 

Жолдаудың күретамыры болған мемлекеттік тіл жөніндегі Президент пайымы ой салды. Өйткені тіл – ұлттық код. Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналған кезеңде ұлтты ұйыстырудың алтын көпірі екенін шегелеп жеткізді. Тілге құрмет – елге құрмет. Ұлтаралық қатынас тіліне айналған мемлекеттік тілді шебер меңгеру – мемлекет құраушы ұлттың қалауы ғана емес, уақыт талабы, мызғымас бірлік пен татулықтың тұғыры.

Орыс тілін білу – өз еркің, қазақ тілін меңгеру – міндетің. Міне, солай болуға тиіс.   Сонымен қатар ғылым саласына қатысты бірқатар ұсыныстар да еліміздің ғылыми әлеуетін жаңғыртуға, жетілдіруге жасалған қадам деп есептеймін. Ғылым саласын қаржыландыру артады. Ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландыруды үш жылдан бес жылға ұзарту – оң шешім. Ғылыми нәтиже уақыт пен жұмыс үдерісіне тәуелді. Әсіресе ғылыми кадрлардың  жалақы мәселесін өсіру саясаты дер кезінде қозғалды.

Әйтпесе айлығы шайлығына жетпей жүрген ғалымнан  қандай «таңғажайып» күтесіз? Әйтеуір, үміт көп, сенім де мол. «Жалаң ұран, жалынды сөзбен» жүре бермей, жедел түрде шешудің тетіктерін қарастыратын кез келді. Бәрібір «түбегейлі өзгеріс бейімдемей қоймайды».

МЕЙРАМБЕК ТАУБАЛДЫ,ТЕЛЕЖУРНАЛИСТ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЫҢ «ЛИНГВИСТИКА» МАМАНДЫҒЫНЫҢ 3-КУРС ДОКТОРАНТЫ

 

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНА КӨП ҚОЛДАУ ҚАЖЕТТІГІ АЙТЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында бүгінде әлем жұртшылығы тап болған дағдарыстан шығу жолдары жайлы сөз қозғалды.Еліміздегі заң шығарушы орган – Парламенттің қос палатасының біріккен отырысындағы жиын барысында жарияланған Жолдаудың басым бөлігі қазақстандық қоғамда жалғасып жатқан саяси жаңартулардың маңызы, тұрақты экономикалық даму мен қордаланған әлеуметтік мәселелерді кеңінен қамтып, жоспарланған істерді дер кезінде жүзеге асыру жайлы айқын тапсырмалармен бекітілді.ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетімізде шешімін таппай тұрған қаншама мәселелер бар екенін айта келе, халықтың мүддесін қорғау қашанда мемлекеттік қызметкерлердің бірінші кезектегі міндеті екенін еске салды.Кемел кезеңнің келелі Жолдауында қазақстандық қоғамда жалғасын тауып жатқан саяси модернизация үдерісінің табысқа қол жеткізуі  жалпыұлттық ұйысудың нәтижесінде мүмкін болғанын ерекше атап өтті.

Саяси реформаларға берілетін басымдық қатарында келешекте  депутаттық мандатты бөлгенде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық  квотаны теңдей бөлуді заңмен бекіту қажеттігін айқындады. Бұған дейін тек партия атынан сайланатын депутаттарға қатысты болған аталмыш талап – болашақта депутаттық мандатты тағайындау барысында қатаң ескерілуі керектігі күн тәртібіне қойылатын болды. Ауыл әкімдерін сайлау жүйесі толықтай енгізілуімен қатар, ендігі жерде аудан әкімдері де халық тарапынан қолдау табатын сайлаулар арқылы ғана билік басына келуі қажет екені көрсетілді.Сонымен бірге еліміздегі саяси партиялар атынан сайлау додасына қатысатын кандидаттардың арасында ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың болуын қадап тапсырды. Әлеуметтік қоғам құрып жатқан мемлекетімізде ауыл тұрғындарының азаматтық бастамасына қолдау көрсетудің тиімді механизмі құрылуымен қатар, адам құқығы жоғары қойылып, гендерлік теңдік мәселесі де қадағалауда болуын қалады.

Президент Қ.К.Тоқаев қазіргі таңдағы мемлекетімізде мол мүмкіндіктер бар екенін меңзей отырып, отандық ғылым мен білім саласына көп қолдау қажеттігін алға тартты.  Осы саланы басқаратын Білім және ғылым министрлігінің алдына кезек күттірмес міндеттер қойып: «Ғылымды дамыту – біздің аса маңызды басымдығымыз. Бұл саладағы түйткілдерді табу үшін жыл соңына дейін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Ең алдымен жетекші ғалымдарға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керек.

Мұны ғылымға бөлінетін базалық қаражат есебінен қамтамасыз еткен жөн. Мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру тәртібін тапсырдым. Құзырлы министрлік осындай ғылыми мекемелерді іріктеудің әрі қаржыландырудың айқын әрі ашық ережесін әзірлеуі керек», – деген маңызды мәселе көтерді.Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан қаржыландырылатын арнайы фундаменталды зерттеулер жүргізуге арналған ғылыми гранттар  мерзімінің азғана уақыт, яғни үш жылмен шектелуін еліміздегі іргелі ғылымды дамытуға кәдімгідей кедергі болып отырғаны ашық айтылды. 

Шындығында, күрмеуге келмейтін қысқа жоспарлау кезінде аталмыш гранттар арқылы мемлекетке пайдасын тигізетін белгілі бір қомақты нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес екені ғалымдарға аян. Осыны ескере келе: «Ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарастырған жөн. Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің әділдігі туралы мәселе де күн тәртібінен түспей тұр. Осыған орай, апелляция институтын енгізу қажет деп санаймын. Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласы алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз», – деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы ғылым мен білім саласында жүрген қауымның жүрегінен жол тапты.

Олай болса әр қазақстандықтың әл-ауқатын барынша көтеруге бағытталған Жолдаудың көпшілік көңілінен шығатыны анық.

ЕСЕНАЙ ІҢКӘРБАЕВ,ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ САЯСИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ, САЯСИ ҒЫЛЫМДАР КАНДИДАТЫ

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -