Алматыда 6,7 балдық жер сілкінісі болды — ТЖМ деректері бойынша

2585
Фотосурет: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 04 желтоқсанда Астана уақытымен 12 сағат 45 мин Алматы қ. жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат анықталуда.

Жерсілкінісі ошағы  Қытай аумағында Алматы қаласынан  оңтүстік-шығысқа қарай 277 км. жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы:

Алматы қ.  - 3 б.

Алматы обл. Кеген ауд. - 3 б.
Алматы обл. Райымбек ауд. -  3 б.
Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Есік қ. - 3 б.
Алматы обл. Талғар ауд. Талғар қ. - 3 б.
Алматы обл. Ұйғыр ауд. - 3 б.
Алматы обл. Қарасай ауд. - 3 б.
Алматы обл. Іле ауд. -  2 б.
Алматы обл. Жамбыл ауд. - 2 б.
Алматы обл. Алатау (Жетіген) қ. - 2 б.
Алматы обл. Қонаев қ. - 2 б.
Алматы обл. Балқаш ауд. - 2 б.

Жетісу обл. Талдықорған қ. 2 б
Жетісу обл. Кербұлақ ауд. - 2 б.
Жетісу обл. Панфилов ауд. - 2 б.
Жамбыл обл. Қордай ауд. - 2 б.
Жетісу обл. Текелі қ. - 2 б.
Жетісу обл. Көксу ауд. - 2 б.
Жетісу обл. Ескелді ауд. - 2 б.
Жетісу обл. Қаратал ауд. - 2 б.
Жетісу обл. Ақсу ауд. Жансүгіров ауылы 2 б.
Жетісу обл. Сарқанд ауд. Сарқанд қ. 2 б.

Жамбыл обл. Шу қ. - 2 б.
Жамбыл обл. Меркен ауд. - 2 б.
Жамбыл обл. Т. Рысқұлов атындағы ауд. - 2 б.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
 5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.             

Алматы қ.ТЖД "жедел желі" телефоны ашылды: 8 (727) 278 20 83, 8 (727) 278 20 84.

  ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

  Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

  Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.

 Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -