Қазақстан мен Чехия алдағы кезеңге арналған ынтымақтастық бағыттарын айқындады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чех Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Липавскимен кездесті.

Кездесу барысында өткен жылдың қорытындылары және алдағы кезеңде жан-жақты өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективалары, соның ішінде екіжақты сапарларды ұйымдастсыру мәселелері талқыланды.
Тараптар түрлі деңгейлердегі өзара байланыстардың оң динамикасын, тауар айналымының біртіндеп өсіп келе жатқанын, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық және академиялық салалардағы белсенді алмасуларды ерекше атап өтті. Энергетика, көлік-логистика және машина жасау салаларындағы жобаларға да ерекше көңіл бөлді.

Дипломаттар сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүдделілігін растады.