Бейнеу ауданында комплаенс қызметі құрылды

4755

 Бейнеу ауданына қарасты коммуналдық, ауылшаруашылық және мәдени салалармен айналысатын квазимемлекеттік мекемелерде комплаенс қызметіне жауапты мамандар бекітілді. Бұл туралы Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов «Antikor.live» жобасы аясында өтетін тікелей эфирде айтты, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Сондай-ақ, аудан әкімінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда аталған салада  жұмыстың барысы бойынша арнайы жоспар жасақталған. Мекемелерде сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бағытында семинарлар өткізіліп, жауапты мамандар мониторинг жұмысын тұрақты жүргізетінін айтты.

 Тікелей эфирде аудан әкімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында нормативтік құқықтық актілерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлердің жауапкершілік мәселелері де қаралғанын атап өтті.

«Парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2021 жылға арналған кешенді жоспары аясында жұмыстарды белсенді ұйымдастыруды жоспарлаймыз. Атап айтсақ,  ауданның ғылым, мәдениет, және спорт саласындағы белсенді жастарды қатыстыра отырып, көшбасшылар пулын ұйымдастыруды жоспарлаймыз,» деді Бейнеубек Көңілімқосұлы.

Тікелей эфирде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын баяндаған әкім аумақтағы инвестициялық жобалар мен кәсіпкерлердің тыныс-тіршілігімен бөлісті.

«Ауданымызда отандық, өзіміздің жергілікті «Әділ сүт зауыты» ЖШС 429,4 млн. теңге  инвестиция салу арқылы зауыттың қолданыстағы жұмыс қуатын көбейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, тәуліктік қуаттылығын 1,8 тоннадан 15-20 тоннаға дейін арттыру жоспарланған. Бүгінде айран, қаймақ, шалап, сүзбе секілді сүт өнімдері тұрақты шығарып келеді. Кәсіпкер несиесін алып, зауытты кеңейтуге құрылыс жұмыстарын бастады. Нәтижесінде, 40-45 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде,» Бейнеубек Әбілов.

Эфир соңында аудан әкімі қазіргі жастардың басым көпшілігі әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатын болғандықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бейнероликтердің байқауын ұйымдастыру жоспарланғанын атап өтті. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -