Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-Министрі Имран Ханмен кездесті

53889

Пәкістан Премьер-Министрімен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өзара сенім мен сыйластыққа негізделген екіжақты қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтті, - деп хабарлайды Деловой Казақстан Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ортақ мүддені көздейтін салалардағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға шақырды. Қазақстан Президенті сауда-экономикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени ынтымақтастықты арттыру мәселесіне арнайы тоқталып, Имран Ханды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Пәкістан Премьер-Министрі өз кезегінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастықты нығайтуға септігін тигізетін логистикалық мүмкіндіктерді дамыту маңызды екенін айтты, сондай-ақ, Қазақстан Президентін Пәкістанға сапармен келуге шақырды.

Кездесуде олар Ауғанстандағы ахуал мен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ойларымен бөлісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -