Айыппұлдың бар-жоғын енді «e-Salyq Azamat» қосымшасында тексеруге болады

4625

Айыппұлды тексеру функциясы «e-Salyq Азамат» мобильді қосымшасында пайда болды. Осылайша, қосымша интерфейсінде қазақстандыққа қажетті барлық сұраныстарды шоғырландыра отырып, қызмет аясын кеңейтті, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

АР

«е-Salyq Azamat» әзірлеушілері қолданыстағы қызметтерге әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін төленбеген айыппұлдарды тексеру мүмкіндігін қосты, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан. Қосымша арқылы айыппұл түрін және мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, «реквизиттер бойынша төлеу» қызметінде жүзеге асыру мүмкін.

Бұл функция қол жетімді болуы үшін AppStore және/немесе PlayMarket -те мобильді қосымшаны жаңарту қажет (мобильді құрылғы моделіне байланысты).

Жалпы, «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы қолданушылар санының өсуінің оң динамикасына ие, қазірдің өзінде қолданушылар саны 700 мың адамға жетті.

Қазіргі кездегі ең сұранысқа ие қызмет – Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде декларацияны тапсыру қызметі. Бүгінгі таңда мобильді қосымшаның көмегімен 308 405 қазақстандық декларациясын тапсырды.

«е-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market-тен жүктеуге болады. Авторизация әдістері туралы ақпарат мобильді қосымшада бар.

Қосымшаны пайдалану бойынша қадамдық нұсқаулар МКК YouTube каналында орналастырылған.

Толығырақ ақпаратты ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында немесе «1414» телефоны бойынша алуға болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -