Нұр-Сұлтан

+6

Алматы

+11

SSE 3559.96

FTSE 100 7234.04

Dow Jones 35294.77

KASE 3 646,15

Brent 85.75

WTI 83.5

Золото 24 386.53

PTC 1 891.56

USD 425.78

RUB 5.98

EUR 494.08

CNY 66.23

2021 жылдың 8 айында заңды тұлғалар 2 трлн теңгеген аса қаражатты бюджеттен қайтарған

17 қыркүйек, 11:474404

Салық органдары салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын салықтық берешекті өтеу есебіне салық төлеушінің өтінішінсіз жатқызады, ал салықтық өтініш бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Демек, салықтық берешекті өтеу есебі бойынша есепке жатқызуды жүргізген жағдайда салық төлеушінің өтінішті ұсынуы талап етілмейді, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ағымдағы жылдың 8 айында:

1) салықтық берешекті өтеу есебі және алдағы төлемдер есебі бойынша:

- заңды тұлғалар бойынша 687,9 млрд. теңге сомаға 187 мыңнан астам есепке жатқызу жүргізілген;

- дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар бойынша 9 528, 7 млрд. теңге сомаға 482 мыңнан аса есепке жатқызу жүргізілген.

2) банк шотына қайтару:

- заңды тұлғалар бойынша 2 201,7 млрд. теңге сомаға 51 мың қайтарым жүргізілген;

- дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар бойынша 8, 7 млрд. теңге 116 мыңнан астам қайтарым жүргізілген.

«Жеке шоттары мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілмейтін бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілендіру басқа уәкілетті органдармен жүргізіледі, әрекеттерді жасамауды растайтын және тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген құжаттар негізінде есепке жатқызу мен қайтару жүргізіледі», - деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Сондай-ақ, МКК-де 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару жүргізудің мерзімдері 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылғанын еске салды.

2006 - 2021 © Сіздің поштаңыз. 16+