Қызылордалықтарды 1,2 млн теңгеге алдаған алаяқ қолға түсті

4407

Қызылордалықтарды 1,2 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АР

14 қыркүйек күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғындары алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданған. Жәбірленушілердің айтуы бойынша, таныс емес азамат мамыр-қыркүйек айлары аралығында “жүргізуші куәлігін алып беремін және жұмысқа орналастырамын” деп сендірген. Алаяққа сенген тұрғындар 1 миллион 200 мың теңге ақшасын беріп, жер сипап қалған. Арада төрт ай уақыт өтсе де берілген уәде орындалмаған.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, 29 жастағы қала тұрғынын ұстады. Өз кінәсін толық мойындады.

Күдікті оңай жолмен ақша табу мақсатында жәбірленушілерді арбауына түсіріп, алаяқтық жасаған. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -