Сарыағаш тұрғындарының малын жымқырған екеу қолға түсті

4432

Түркістан полицейлері екі миллион теңге болатын ауыл тұрғындарының малын жымқырған екеуді ұстады, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

GoodFon

Сарыағаш АПБ-ға төрт бірдей ауыл тұрғыны арызданды. Олардың айтуынша, белгісіз біреулер қора-жайы мен жайылымнан төрт бас сиыр және екі бас бұзауды қолды еткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша тіркеп, шұғыл іздестіру іс-шараларына кірісті. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі екі миллионнан асады.

Орын алған қылмыстың ауырлығын ескерген сарыағаштық полицейлер тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобын құрды. Арнайы топ мал ұрлаушыларды ұстау мен қылмысты ашуға бағыт алды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды аралап, көрген адамдар мен ауыл тұрғындарынан сұрастырып, мал тасымалдайтын автокөліктерді мұқият тексеріп шықты. Нәтижесінде жедел уәкілдер екі бірдей күдікті азаматты ұстады. Олар орта жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты.

Полицейлер күдікті екеудің жайылым мен қоражайдан жымқырған малдарды жүк көлігіне артып Алматы қаласына апарып сатқандарын анықтады. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде ұсталған екі ер азаматқа “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы қолданылды.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына қырағы болуға және өз мүлкін сақтау үшін қажетті шаралар қабылдауға кеңес береді. Мүмкіндігінше аулалар мен қора-жайларын сенімді құлыптармен және қоршаулармен нығайтқаны жөн. Малды таңбалап, ен салдыру керек. Егер, сіз, мал ұрлығының болмаса өзгенің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияға “102” нөміріне хабарласыңыз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -