Қоңырау шаламын деп ұялы телефонын ұрлап кеткен алаяқ ұсталды

4591

Қоңырау шаламын деп ұялы телефонын ұрлап кеткен алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АР

7 қыркүйек күні Қарағанды облысы Саран қалалық полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны арызданып, алаяқтың құрбаны болғандығы туралы хабарлаған.

Алдын ала тергеу барысында жәбірленуші қаладағы дүкендердің бірінің маңынан өтіп бара жатқанда оған белгісіз біреу келіп, шұғыл түрде телефон соғу үшін оның ұялы телефонын сұрап алғаны анықталды. Кейін алаяқ өзге біреумен сөйлесіп тұрған сыңай танытып телефонды алып, қашып кеткені белгілі болды. Азаматқа келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құраған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

12 қыркүйек күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы күдікті анықталып ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -