Павлодарлық полицейлер “Жолдағы қабылдау” науқанын онлайн форматта өткізді

14409

Құқықтық ағарту және азаматтарды ақпараттандыру мақсатында 17 қыркүйекте Instagram-да dp_pavlodar аккаунт платформасында Павлодар облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаровпен тікелей эфир өткізілді, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Тікелей эфир кезінде жазылушылар көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру және ауыстыру, әкімшілік айыппұлдарды төлеу, сондай-ақ жол-техникалық инспекция желісі бойынша және қаруға рұқсат беру және басқа да сұрақтар қойды.

Айта кету керек, мұндай эфирлердің бірегейлігі – азаматтар үйден шықпай-ақ полицияға жүгініп, қызығушылық танытқан сұрақ қойып, ұсыныс немесе шағым енгізіп, қысқа мерзімде жауап ала алады.

Көптеген мәселелер полицияның бақылауына алынып, жақын арада шешілетін болады.

Мысалы, Павлодар қаласының тұрғыны Бестужев–Пахомов көшелерінің қиылысында авариялық жағдайлар жиі туындайтынын хабарлады, осыған байланысты жас жігіт осы жол бөлігінде қажетті шаралар қабылдауды сұрайды. Нұржан Таңатаров бұл өтініш дереу қаралатынына сендірді. Сұрақтардан басқа, жазылушылар осындай онлайн-диалогтарды тұрақты өткізгені үшін алғыс білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -