Шымкенттік тұрғын есірткілік масаң күйде көлік басқарған

4617

Шымкенттік тұрғын есірткілік масаң күйде көлік басқарған, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АР

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында күмән тудырып, алдыңғы шамдарын жақпаған жүргізушіні байқап, тоқтауын сұраған. Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі тоқтаған сәтте тәртіп сақшылары өзін таныстырып, мән-жайды сұрастырған. Алайда жүргізуші психикалық есірткіге ұқсас зат пайдалану нәтижесінде есірткілік масаң күйде болғаны анықталған. Осыған байланысты медициналық сараптамаға нәтижесіне сай арнайы қабылдау орнына жеткізілген. 

Аталған жайт бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -