Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Жамбылдық полицейлер ірі көлемде жасалған ұрлық дерегін ашты

Жамбылдық полицейлер ірі көлемде жасалған ұрлық дерегін ашты, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АР

Жамбыл ауданының полиция бөліміне жергілікті шаруашылық мекемелерінің бірінің директоры хабарласып, 2021 жылдың 14 қазанында кешкі сағат 20:00 шамасында жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоймасынан белгісіз тұлға электр аппараттарының 21 бірлігін жасырын ұрлап кеткенін айтып шағымданған. Шығын сомасы 1 260 000 теңгені құрайды.

Іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 36 жастағы тұрғынын ұстады.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тергеу шаралары жалғасуда.

Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
ХАА «DKNews» © 2006 -