Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Шымкентте Lexus көлігінің жүргізушісінен қару табылды

Шымкентте Lexus көлігінің жүргізушісінен қару табылды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ағымдағы жылдың 23 қазанында сағат 11.00 шамасында Шымкент қаласының Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Д.Қонаев даңғылының бойында күмән тудырған Lexus маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Автокөлікті қарау кезінде алдыңғы орындықтың астынан қаруға ұқсас зат анықталған. Аталған қару тәріздес зат айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Автокөлік иесі тиісті Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде азаматқа қатысты оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
ХАА «DKNews» © 2006 -