Әлібек Қуантыров ЕЫДҰ Даму орталығы Басқарушылар кеңесінің VII отырысына қатысты

885

6 желтоқсанда онлайн режімде ЭЫДҰ Даму орталығы Басқарушылар кеңесінің «Барлығы үшін әділ қалпына келтіруді жеделдету» атты 7-кездесуі өткізіліп, онда Covid 19 кезінде қазақстандық экономиканы қалпына келтіру және халыққа әлеуметтік көмек көрсету барысы қаралды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Отырыс жұмысы кезінде қазақстандық тарапты Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров таныстырды.

ЕЫДҰ Даму орталығына қатысушы елдер министрліктерінің басшылары, әріптес елдер мен ұйымдар вакцинаға қол жеткізудегі алшақтықты еңсеру, қалпына келтіруді қаржыландыру мәселесін, сондай-ақ ЕЫДҰ Даму орталығының келешегі мен оның халықаралық қоғамдастықтағы рөлін талқылады.

Қатысушылардың дерегі бойынша, дамушы елдердің пандемия әсерінен оңалуы баяу жүреді. Бүгінде экономикалық өсу мен оның қалпына келу қарқыны вакциналау деңгейіне, сондай-ақ коронавирустың таралуын болдырмаудың кешенді шараларына тікелей байланысты.

Сессияға сонымен қатар, ҚР СІМ Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі А.Абибуллаев, ҚР Франциядағы елшілігінің кеңесші уәкілі А.Манасова, ҚР ҰЭМ Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Е.Несіпқұлов қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -