Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты сауда көлемі $48,2 млн. құрады

2075

Бүгін ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Пәкістан Ислам Республикасының Экономикалық байланыстар жөніндегі министрінің орынбасары Зубаир Асхар Курешидің тең төрағалығымен Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Тараптар сауда, өнеркәсіп, инвестициялар, ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ екі елдің тауарлары мен қызметтері нарығына қолжетімділікті жақсарту мүмкіндіктерін қарастырды.

Өзінің құттықтау сөзінде Қайрат Төребаев Пәкістан Қазақстанның сыртқы саудадағы перспективалы бағыттарының бірі, сондай-ақ Азия кеңістігіндегі маңызды стратегиялық серіктес болып табылатынын, онымен екіжақты форматта да, ортақ интеграциялық бірлестіктер шеңберінде де диалог жолға қойылып, қолдау табатынын хабарлады.

"Елдеріміз арасындағы өзара сауда тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы ↑ 2019 жылмен салыстырғанда 68,5% - ға ($27,1 млн.) және ағымдағы жылдың 9 айында ғана $45,6 млн. жетті, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты сауда көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39,4% ($34,5 млн.) және $48,2 млн. құрады, бұл ретте, экспорт ↑ 85,9% - ға және $26,6 млн. құрады, ал импорт 6,6% $21,6 млн құрады" Қайрат Төребаев

Сонымен қатар, Қазақстан тарапы өзара сауданы ұлғайту мақсатында ҚР-ның Пәкістанға жеткізетін тауарларының номенклатурасын әртараптандыру және кеңейту қажеттігі туындағанын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстанның сауда министрлігі Пәкістан нарығында сұранысқа ие $487,2 млн.сомасына 110 әлеуетті тауарлардың тізбесін әзірледі.

Тараптар Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының маңызды рөлін, екі ел арасындағы екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі тереңдету және әртараптандыру міндеттерінің басымдылығын атап өтті.

Қазақстандық тараптың бастамасы бойынша туризм саласындағы жұмыс жандандырылды және екі ел арасындағы туризмді одан әрі дамытудың басымдықтары айқындалды.

Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа қатысты Тараптар салалық министрліктер арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Бұдан басқа, Комиссияның тең төрағалары, сондай-ақ, инвестициялар көлемін арттыру бойынша нақты бастамалармен алмасты. Мәселен, Қайрат Төребаев пәкістандық әріптестеріне "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық аумағындағы бірлескен жобаларға инвестиция салуға ықпал етуді ұсынды, бұл Пәкістан бизнесінің Еуразиялық экономикалық одақтың тұтыну нарықтарына қолжетімділігін жеңілдетеді.

Осыған байланысты, үкіметаралық комиссия шеңберінде а.ж. 24-25 қарашада инвестициялар мен сауданы ілгерілетуге мүдделі екі Тараптың инвесторлары мен бизнес топтары арасында Қазақстан-Пәкістан Бизнес форумы өтеді.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
ХАА «DKNews» © 2006 -