Минскте «Лістопад» фестивалінде «QAZAQ. Алтын адамның тарихы» Оливер Стоунның фильмі көрсетілді

2444

«Мәскеу» Минск кинотеатрында Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен шектеулі көрермендер үшін әлемге танымал американдық режиссер және продюсер Оливер Стоунның Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «QAZAQ. Алтын адамның тарихы» атты деректі фильмінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Фильм көрсетіліміне дипломатиялық миссиялардың өкілдері, Беларусьтің көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Деректі таспаның негізіне әлемге әйгілі киноматографист О.Стоун мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың сенімді сұхбаттары кірді. Н.Назарбаев әңгіме барысында балалық шағы, жастық шағы, Кеңес Одағының ыдырауы, тәуелсіз мемлекеттің алғашқы жылдары, елдің дамуы мен гүлденуі, сондай-ақ оның халықаралық аренадағы рөлі туралы естеліктерімен бөлісті.

Фильм тұсаукесеріне О.Стоунның шығармашылық тобы  – продюсерлер Игорь Кобзев пен Вера Томилова, режиссер Игорь Лопатенок, драматург және сценария құрушы Вадим Гасанов келді.

Шығармашылық топ Қазақстанның Тұңғыш Президентімен сұхбат барысында және жалпы түсірілім кезінде алған әсерлерімен бөлісті.

«Қазақстан үшін отыз жылдықта болған ауыр оқиғалар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қатысуымен өтті. Фильмде ол көптеген оқиғаларға талдау жасады және жіберген қателіктерімен бөлісті. Бұл фильм алғаш рет кездескен көпшілікке танымал екі адамның ашық әңгімесінің жоғары қарқындылығымен тартымды, өйткені фильмді түсірудің негізгі шарты бойынша шығармашылық процеске араласу, тақырыптар мен түсірілім орындарына, тұлғаларды таңдауға шектеу қою болмады» Фильмнің продюсері Игорь Кобзев

«Бұған дейін мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен таныс емес едім. Біздің алғашқы танысуымызды бірден таспаға жазуға тырыстық, өйткені бұл әсерлер ең жарқын. Сұхбат барысында Назарбаев мүмкіндігінше ашық болды, өйткені ол құпияға толы тұлға. Біз жағымсыз сұрақтардан аулақ болуға тырыстық, бірақ ақиқатты білу үшін барлық сұрақтарымызға жауап ала алдық. Назарбаевта ерекше қабілет және адамдардың сеніміне ие бола білетін қасиет бар, мұндай адамды мен бұрын соңды кездестірмедім. Бұл айрықша қасиет. Бұдан басқасының бәрі экранда, оны көру қажет» Режиссер Игорь Лопатенок

Ал продюсер Вера Томилова «Qazaq. Алтын адамның тарихы» фильмі Оскар сыйлығы үшін бәйгеге қатысып, танымал итальяндық композитор және дирижер Карло Силиотто фильмге жазған музыка үшін алғашқы музыкалық номинацияға ие болды» - деп өз сөзін аяқтады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -