Берлинде Қазақ ұлттық өнер университеті мен неміс оқу орындары арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды

3187

Берлинге жасаған сапары барысында Қазақ Ұлттық өнер университетінің (ҚазҰӨУ) ректоры, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Айман Мұсақожаева ҚазҰӨУ мен Халықаралық музыка академиясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Меморандум шеңберінде тараптар білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық туралы келісті. Халықаралық музыка академиясының басқарушы директоры Джузеппе Гамбино алдағы уақытта өзара іс-қимыл қадамдарын мазмұнды талқылау мақсатында Қазақстан мен ҚазҰӨУ-не жақын арада баруға дайын екенін білдірді.

Сол күні Айман Қожабекқызы «Деловой Казахстан» газетінің Германия, Ирландия және Ресейдегі өкілдігін атқаратын «DK Media World» тілшісіне сұхбат берді. Тараптар ақпарат алмасу саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум ҚазҰУИ іс-шараларын шетелде көрсету саласындағы ынтымақтастықты қарастырады.

«DK Media World» – «Деловой Казахстан» баспасымен бірге «Dimash News», «Golden Talent» және т.б. ұсынатын медиа-компаниясы болып табылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -