Қазақстанда 2025 жылға дейінгі жаңа инвестициялық саясат тұжырымдамасы әзірленуде

415
Фотосурет: ortcom.kz

Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен және Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жаңа инвестициялық саясатының тұжырымдамасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Ұлттық экономика министрінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров хабарлады.

«Тұжырымдама жаңа инвестициялық циклды қалыптастыруға және коронавирустық инфекция пандемиясынан туындаған жаңа трендтерді ескере отырып, инвестициялар тарту саясатын қайта қарауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, еңбек өнімділігін арттыруға және экспорттық қоржынды күрделендіруге бағытталған сапалы инвестициялар тартуға бағытталған жүйелі шаралар іске асырылатын болады.  Тұжырымдаманы іске асыру үшін жүйелі және салалық шараларды іске асыру жөніндегі егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспары әзірленетін болады. Тұтастай алғанда, аталған барлық жағдайларды жасау экономиканы дамытудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың түйінді драйверіне айналатын жаңа инвестициялық циклды іске қосуды қамтамасыз етеді», - деді Ұлттық экономика вице-министрі. 

Сондай-ақ, заңнама жетілдіріледі, елдік, салалық және өңірлік инвестициялық тартымдылық арттырылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -