Елордалық еріктілер жалғызбасты зейнеткерлердің үйлерін қардан тазартуға көмектесті

644
Фотосурет: astana.gov.kz

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері өткізіліп келе жатқан "30 игі іс" акциясы аясында елордалық еріктілер жалғызбасты зейнеткерлердің үйлерінің аулаларын қардан тазартты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Астана жастары" КММ еріктілері қолдарына күрек алып, жалғыз тұратын зейнеткерлердің аулаларын қардан тазартуға аттанды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

"Біз қарды тазалау бойынша акция ұйымдастырдық, оны бірнеше жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеміз. Игі іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "30 игі іс" акциясы аясында өткізіледі. Біз қарт адамдарға, жалғызбасты аналарға, көп балалы отбасыларға аулаларын қардан тазартуға көмектесеміз. Біз барлық еріктілерді, жастарды акцияға қосылуға және игі істер жасауға шақырамыз", - деді "Астана жастары" КММ ҒТК санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Альфараби Аймак.

Еріктілер мұндай іс-шаралар адамдарға қуаныш сыйлап, олардың жалғыз емес екенін сезінуіне әсер етеді, сонымен қатар бұл жастарды мейірімділікке, аға ұрпаққа көңіл бөлуге және сезімталдыққа тәрбиелейді дейді.

Осылайша, жастар мүгедектіктің үшінші тобына жататын жалғызбасты зейнеткер Раида Мифтахованың ауласы мен үйіне дейінгі жолдарды қардан тазартты.

"Көмектеріңіз үшін үлкен рахмет. Мен волонтерлерге, жастарға және барлық бей - жай қарамайтын жандарға сіздердің мейірімді жүректеріңіз бен бізге көрсеткен көмектеріңіз үшін және жалғыз қалдырмағандарыңыз үшін алғыс айтамын", - деді зейнеткер еріктілерге.

Еске сала кетейік, бұған дейін "30 игі іс" акциясы аясында волонтерлер қаланың жанданған аялдамаларында өтіп бара жатқан адамдар мен коммуналдық қызмет қызметкерлеріне ыстық шай және бауырсақтар таратқан еді.

Мұндай іс-шаралар жыл сайын өткізіледі және қыс бойы жалғасады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -