Өткен жылға қарағанда биыл өрттер саны 16,5% кеміген – ТЖМ өкілі

777
Фотосурет: ortcom.kz

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт саны 16,5%, қаза болғандар саны 22%, жарақат алғандар саны 27% төмендегені байқалады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Өрт туындамай тұншықтырғыш газбен улану статистикасына тоқталсақ, қаза табудың 2 жағдайға және жарақаттанудың 2% төмендегені тіркелді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетіның төрағасы Нұрболат Дербісов осындай көрсеткіштерді жария етті.

«Өңірлер бөлінісінде өрт саны Атырау облысында 2 есе, Қызылорда облысында 23%, БҚО-да 14% және СҚО-да 10,8% артып отыр. Өрт кезінде қаза болғандар саны Ақмола облысында 5 жағдайға, Атырау облысында 4 жағдайға, Қостанай облысында, Павлодар және Түркістан облыстарында 1 жағдайға өскен. Өрт туындамай улы газбен уланудан 4 адам қаза тапты, 47 адам жарақат алды. Әлеуметтік жағдайды талдау көрсеткендей, өрт кезінде қаза болғандардың жалпы санының 74% жұмыспен қамтылмаған халық, 17,4% жұмыс істейтін халық пен студенттер және 8,6% мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар құрайды», - деді спикер.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -