15 сериялы «Абайдың қара сөздері» фильмінің түсірілімі аяқталды

1366
Фотосурет: ptrk.kz

Президенттің Телерадиокешені «Абайдың қара сөздері» киножобасының түсірілімін аяқтады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Абайдың 175 жылдығына арналған киножобаны ҚР Президентінің Телерадиокешені Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен әзірледі.

Фильм он бес астарлы әңгіме мен философиялық трактаттардан тұрады. Киножобада қазақтың ұлы ақыны-реформатор әрі философының іргелі туындысының мызғымас құндылығын жаңаша ашатын күрделі режиссерлік шешімдер қолданылған.

Басты кейіпкерлерді Қазақстан кинематографиясының еңбек сіңірген актерлері – Тұңғышбай Жаманқұлов, Жан Байжанбаев, Ерік Жолжақсынов, Нұрлан Әлімжанов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов, Аян Өтепберген және басқалар сомдады.

 Телерадиокешеннің Бас директоры Раушан Қажыбаеваның айтуынша, ««Қара сөздерде» қазақ халқының ұлттық тәрбиесі мен дүниетанымы, адамгершілік және моральдық негіздері, тарихи мәселелер көтеріледі». ТРК басшысы «Ұлы Абайдың  ойлары мен тұжырымдары бүгінгі күні де өзекті» екеніне тоқталды. «Біздің жұмысымыз қазақ әдебиетінің классигі, ақын, қоғам қайраткері және XIX ғасырдағы ұлы ағартушының жарқын мұрасы «Қара сөздерді» насихаттауға үлес қосады деп үміттенеміз», – деді Р.Қажыбаева.

Көркем киножобаның түсірілімі Алматы қаласы мен Алматы облысының түрлі аймағында өтті.

Қазіргі уақытта графикалық жұмыстар мен түстерді түзетудің соңғы сәттері жүріп жатыр. Фильм қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түсірілген. Көркем киножоба ашық түрде интернет-платформаларда жарияланып, әлемдік телеарналарда көрсетіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -