Қарағандылық биатлоншы қысқы Олимпиадаға қатысуға лицензия алды

896

Қарағандылық биатлоншы Владислав Киреев Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға қатысу құқығына ие болды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі ретінде ҚР спорт шебері және жастар арасында Қазақстан мен Азия чемпионы болып табылады.

– Қаңтар айындағы соңғы, өте маңызды рейтингтік халықаралық жарыстарда Словакиядағы Брезно-Осрбльдегі IBU Кубогында Владислав тамаша нәтиже көрсетті. Ал жарыстың бірінде күтпеген жағдай болды, – дейді Қарағанды облысының биатлоннан аға жаттықтырушысы және спортшының жеке тәлімгері Раис Хайрутдинов. – Нәтижесінде Владислав олимпиадаға қатысу үшін қажетті ұпай санын жинады. Әрине, біз талантты және болашағы зор тәрбиеленушіміз үшін өте қуаныштымыз.

Владислав Киреев 21 жаста. 2020 жылы Швейцарияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеке жарыста бесінші болды. 2021 жылы биатлоннан Чехияда өткен жазғы әлем чемпионатында жетінші орын, Қырғызстанда өткен Азия біріншілігінде алтын және қола медальдарға, ал Алматыда өткен ҚР Спартакиадасында үш жарыста жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қарағандылық Екатерина Айдова 2022 жылғы 4-20 ақпан аралығында өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға 500, 1 000, 1 500 метр қашықтықта конькимен жүгіру спортынан үш лицензия жеңіп алған болатын.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -