Берлин Халықаралық кинофестивалінде Фархат Шәріповтың «Схема» атты жаңа фильмін көрсетеді

1098
Фотосурет: АР

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген Фархат Шәріповтың «Схема» атты жаңа фильмі 10-20 ақпан аралығында өтетін 72-ші Берлин Халықаралық кинофестивалінің Generation конкурстық бағдарламасына іріктелді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Generation — Берлиналедегі балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің байқауы. Ол жас принципі бойынша екіге бөлінеді: Generation Kplus (балалар) және Generation 14plus (жасөспірімдер).

Шәріповтың қазіргі әлемдегі жасөспірімдер арасындағы проблемалар тақырыбын көтеретін «Схема» туындысы осы Generation 14plus байқауына қатысады.

«Схема» — «18 килогерц» фильмінің концептуалды жалғасы. Фильмнің басты кейіпкерлері - жасөспірім қыздар. Картинаның сюжеті жасөспірімдердің қатыгез ойынына негізделген. Бұл құбылыс соншалықты қорқынышты және кең таралған, сондықтан маған бұл фильмді түсіру және бейтарап көзқарас сақтау қиын болды, — дейді режиссер әрі сценарий авторы Фархат Шәріпов.

Фильмнің түсірілімі 2020 жылдың күзінде Алматыда басталған. Алайда, кейінірек елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты түсірілім процесі тоқтап, тек 2021 жылдың көктемінде қайта жанданды. Фильмдегі басты рөлдерді дебютант актерлер Виктория Романова мен Тайыр Свинцов ойнады. Картинаның прокатқа шығу күні 2022 жылдың күзіне жоспарланған.

72-ші Берлин халықаралық кинофестиваліне келетін болсақ, ол осы жылы дәстүрлі форматта өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы ұйымдастырушылардың өздері ресми түрде мәлімдеді.

Фестиваль Франсуа Озонның жаңа туындысы — «Питер фон Кант» лентасымен ашылады. Осы жылы қазылар алқасының төрағасы ретінде әйгілі американдық сценарист, режиссер және продюсер М. Найт Шямалан қатысады.

kazakhcinema.kz

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -